Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасының орындалуы тікелей аудан және ауыл әкімдерінің міндеті екені белгілі. Ел экономикасының драйвері ауыл шаруашылығын дамыту үшін аудан әкімдері әрбір аудандағы қолданылмай жатқан егістік жерлерді қолданысқа енгізіп, суармалы жерлердің көлемін арттыру, қарқынды бау шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуды басты назарға алу қажеттігі көптен бері айтылып келеді. Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп келеді. Соның арқасында агроөнеркәсіп кешендерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілуде. Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жыл сайын ауқымды сипат алып келеді. Шалғай ауылдарда аз да болса саз еңбек етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға өзіндік үлес қосып жүргендер баршылық. Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы Манкент ауылында С.Авчиев жетекшілік ететін «Құрбантой ота» мал шаруашылығы жұмыс істеп келеді. Шаруашылық өз қызметін осыдан он үш жыл бұрын бастаған болатын. Нартәуекел етіп іс бастағанда әу баста он бұқа және алты сауын сиыр ғана бар болатын. Тамшылатып төккен тердің арқасында бүгінгі таңда шаруашылықта мыңға жуық ірі қараға жеткізді. Әрине мал басы өзінен өзі көбеймейді. Бұл іс шаруашылық басшысына үлкен міндеттер жүктейді. Малға қарау, оны бағу, жем шөбін дайындау, тұратын жайын соғу оңай шаруа емес. Мал басын көбейту үшін біраз қолдау қорларын жағалап көрген болатын. Жылдық пайызы жоғары ондай несиелер тиімсіз болып шықты. Ақыры мемлекеттік бағдараламаның игілігін көрмекке бел буған. Жаман болған жоқ. Ең тиімдісі осы болып шықты. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен танысқаннан кейін жеңілдетілген несие алуды ұйғарғаны дұрыс болыпты. Аз ғана мал басымен бастаған шаруашылық аяғынан тік тұрып, мал басын көбейтіп, табысты еселеуіне көп септігін тигізді. Ниет етіп шын еңбек еткен адам әрине жетістікке жетпей қоймайды. Тамышлатып тер төксе, еңбекттің өтеуі әлбетте болады. Мал басы өсіп, тұрақты табыс еселеп арта бастады. Малды асылдандырудың басты мақсаты – өнім көлемін арттыру. Бұл меже орындалып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында тез салмақ қосатын абердин-ангус сиырларын өсіруді бастауға мүмкіндік берді. Шынын айту керек, мал өсіру, әсіресе, асыл тұқымды мал өсіру – материалдық жағынан да, үлкен қайтарымды талап ететін оңай жұмыс емес. Абердин-ангус сиыр тұқымдарының ішінде сапалы ет бергенімен, жақсы азықтандыру мен бағып-күтуді қажет етеді екен, дегенмен тез жетіледі. Мал баққанға бітеді, малдың бейнеті көп. Неше түрлі қиын кездер болды. Қыстың күні малдың шөбі аздау болса, қыс қатты болса, көтерем болып қалуы мүмкін. Сосын малдың неше түрлі ауруы бар, мысалы сиырдың 40 түрлі кеселі бар. Оның үстіне малшылар жақсы қарамаса, мал ұстау, оның бабын келтіру қиын. Қуаңшылықы болса малдың жем шөбін жинау оңай емес. Жауынды шашынды жылдары мал азығын жинау сәл де боса оңайға түседі. Мал шаруашылығы әрине ауыл шаруашылығының негізгі салалардың бірі. Осы саланың дамуына төрт түліктің жем-шөп базасын құруға байланысты. Сондықтан, мал азығын бұрынғы жылдармен салыстырғанда қазір арзандағаны малшыларға оңайға түсіп отыр. Бидайдың кебектің, жоңышқаның бағасы бұрынғы жылдармен салыстырғанда біршама түсті. Аса қымбат емес. «Құрбантой ота» шаруа қожалығы биылғы жылы мал қыстауын қолайлы өткізу үшін 30 мыңнан астам түйір жоңышқа мен сабан дайындауға қол жеткізді. Сондай-ақ шаруашылықтың жеке мал сою алаңы бар. Ірі қара мал еті жан-жақты зертханалық тексеруден өткеннен кейін ғана сатылымға шығады.Өндірістік кооператив бүгінде қазақстандықтардың дастарханын ет пен сүтпен қамтамасыз етіп, облыс базарларына ғана емес, Өзбекстанның Алматы қаласына да өнімдерін жөнелтуде. Алдағы уақытта шетелге экспорттауды да жоспарлап отыр.