Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жыл жылжыған сайын қарқынды түрде дамып келеді. Жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрады. Өсімдік шаруашылығы 16,9 млрд. теңге (100,0 %), мал шаруашылығы 100,2 млрд.теңге (101,2 %). Республикадағы үлесі 14,3 %. (РБ — 2023 ж. 3 ай 824,7 млрд. теңге (103,5 %), О.і өсімдік шаруашылығы 37,7 млрд. теңге (100%) мал шаруашылығы 778,1 млрд. теңге (103,6 %). Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 1,1 млрд. теңге, тиісті кезеңмен 105,5 %, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 201,7 млн. теңге инвестиция тартылды. 2023 жылы АӨК саласына жалпы құны 62,6 млрд.теңгені құрайтын 44 жобаны іске асыру жоспарланып, құны 3,5 млрд.тг 3 жоба іске қосылды: Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы «ZAURE GROUP» ЖШС-нің 6 га өнеркәсіптік жылыжай кешені, Арыс қаласы «ALASH LOGISTIC» ЖШС-нің 5,0 мың басқа арналған уақ мал бордақылау алаңын салу, Жетісай ауданы ЖК «Айлин» 3,0 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын салу. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 860,0 мың гектарға (2022 ж. – 860,9 мың га) орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде: Дәнді дақылдар 318,0 мың га (+4,3 мың га); Мал азықтық 227,7 мың га (+6,7 мың га). Көкөніс, бақша, картоп 129,1 мың га (+9,7 мың га); Майлы дақылдар 73,5 мың га (-6,3 мың га); Мақта 111,4 мың га (-14,9 мың га) болып отыр. Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің (496,8 мың га.) 271,2 мың гектары егілді (55%). 75,7 мың га масақты дақылдардың 75,2 мың га (99%), 45,8 мың га жоңышқаның 42,2 мың га (92%), 46,5 мың га дәндік жүгерінің 14,4 мың га (31%), 44,9 мың га көкөністің 26,0 мың га (58%), 15,3 мың га картоптың 10,0 мың га (66%), 73,5 мың га майлы дақылдардың 65,3 мың га (89%), 68,9 мың га бақша дақылдарының 31,9 мың га (46%), 111,4 мың га мақта дақылының 6,0 мың га (5%) егілді. Жер айдау және сор шаю жұмыстары 100 % орындалды. Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 48,2 мың тонна жанар-жағармай бөлінді, бұл өткен жылдан 300,0 тоннаға артық (2022 жылы -47,9 мың тн.). Оның ішінде: ақпанға– 13,8 мың тонна, наурызға – 13,0 мың тонна, сәуірге – 11,4 мың тонна, мамырға – 10,0 мың тонна. Жанар – жағармайды босату бағасы нарықтық жағдайға байланысты, ҚР Энергетика министрлігімен тоннасына 222,0 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып белгіленді. Таратушы операторлардың шығындары есептеліп, агроқұрылымдарға босату бағасы литріне 204-206 теңгені құрады. Бүгінгі күнге бөлінген 34,4 мың тонна жанармайдың құны толығымен төленіп, оның 22,3 мың тоннасы агроқұрылымдарға босатылды. Басқарма тарапынан, бөлінген жанармайдың тұрақты әрі уақытылы тарқатылуына мониторинг жүргізу мақсатында аудан, қала әкімдіктері мен қоғамдық ұйымдардан арнайы мобильді топ құрылып, жанар-жағармайды босату жұмыстары толық бақылауға алынды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сұранысын қамтамасыз ету мақсатында, 497 түрлі минералды тыңайтқыштардың 50 % құнын субсидиялауға, облыстық бюджеттен 6,5 млрд. теңге қаржы қаралды. Нәтижесінде 331,3 мың гектар егістікті тыңайту жоспарлануда. Биылғы жылы, «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасының қаулысы қысқа мерзім ішінде бекітіліп, өтінім қабылдау ақпан айынан басталды. (Бүгінгі күнге аталған бағдарлама бойынша 577 өтінім түсіп, 84 өтінімге оң шешім қабылданса, 220 өтінімге теріс шешім шығарылды). Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймада 25,0 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы («ҚазАзот» АҚ Сарыағаш ауданы базасында). Сонымен қатар, агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып тұқым шаруашылықтарын қолдауға 600,0 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін субсидиялауға 432,1 млн. теңге, пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 372,0 млн.теңге, ағын суды жеткізу құнын субсидиялауға — 150 млн. теңге қаржы бөлінді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 8,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде АШТӨ-н несиелендіру жұмыстары облыста алғашқы рет желтоқсан айында басталды. «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО арқылы жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен 1 192 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері несиелендірілді. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы тікелей несиелендіруге 2,0 млрд. теңгеге 368 тауар өндіруші қаржыландырылды.