Түркістан облысына қарасты Келес ауданында алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 өнім алу бойынша; 1500 гектар жерге егіс егу жоспарланған, нақты 8 ауылдық округтен жалпы 1505 гектар алқапта, 350 бірлік шаруа қожалық аталған жобаны іске асырып, жоспар 100,3 пайызға орындалды. Жылыжай шаруашылығы бойынша ауданда жаңадан 10 гектар жылыжай салу жоспарланса, 4,9 га жылыжай салынып, жоспар 49 пайызға орындалды. Тамшылатып суғару бойынша ауданда 345 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілін ендіру жоспарланған болатын, нақты 348,0 га жерге ендірілді, жылдық меже 100,9 пайызға орындалды. Жалпы аудан бойынша 996,0 гектар жерге ендірілген. Соңғы әлетте ауданда қарқынды бау отырғызу қарқын алып келеді. Аудан бойынша 40 га жерге қарқынды бау отырғызу жоспарланған болса, нақты 29 гектар жерге жеміс жейдек көшеттері отырғызылды немесе 55 пайызға орындалды. Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. 65 бірлік техника жаңалау керек болса, нақты 71 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды. Жалпы ауданда 2409 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Аналық Ірі қара малды тұқымдық түрлендіруге жылдық жоспар 5000 бас ірі қара малының аналық басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру қажет болса, нақты 36477 бас немесе 5 есе түрлендіруге қатысты. Аудан бойынша ақпараттық талдау-жүйесіне (ИАС) базасына 47 986 бас мүйізді қара мал тіркелген. 2023 жылдың қаңтар айында 36 744 бас түрлендірілген аналық мал басына 1826 бас асыл тұқымды бұқалардың 2 жылдық мерзімі аяқталуына байланысты жүйе автаматты түрде мерзімі өткен бұқалады алып тастайды. Осы себепті қаңтар айында түрлендірілген аналық мал басның үлесі төмендеуде. Аудан бойынша ұзындығы 657,6 км 148 дана канал және ұзындығы 393,6 км 144 дана қашыртқылар бар. Барлық су жүйелерінің ұзындығы 1051,2 км. Аудан аумағында Республикалық меншікте 3 су бөгеті (Ошақты, Бес-Абдал, Оймауыт) және су сыйымдылығы 25,0 млн куб «Ақылбексай» су қоймасы бар (қазіргі таңда 8,4 млн куб су бар). Аудан бойынша нақты 32 канал және қашыртқының 101,2 шақырым аумағы жалпы құны 67,0 млн.теңгеге ағымдағы жөндеуден және механикалық тазалау жұмыстары атқарылған. Биылғы жылы аудан аумағында жалпы көлемі 75 канал мен қашыртқылардың жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, нақты 270,3 шақырым аумағын ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылып, басқарма тарапынан облыстық бюджеттік комиссияға бюджеттік ұсыныс берілді. 2023 жылы Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағада жалпы көлемі 4550 тонна жанар-жағармай (дизель отыны) бөліген болса, оның ішінде көктемге – 2275 тонна және күзгі мезгілге – 2275 тонна жанармай бөлінген бағасы 203 теңге, ал, жеткізіп беру бағасы 206 теңге болып бекітілген. Келес ауданы бойынша жеңілдетілген жанар-жағармай тартушы болып, «Алтын Өлке» ЖШС, «Стандарт ойл Петролиум» ЖШС, «Самрук Ойл» ЖШС оператор болып бекітілді. Көктмгі дала жұмыстарына жалпы 2275 тонна жанар-жағармай (дизель отыны) бөлінген болса, оның ішінде «Алтын Өлке» ЖШС – 715 тонна, «Стандарт ойл Петролиум» ЖШС – 1300 тонна, «Самрук Ойл» ЖШС – 260 тонна тарату жоспарланған. Қазіргі таңда ауыл және ауылдық округі әкімдерінен келіп түскен өтінім бойынша 1301 агроқұрылым басшыларынан 1890 тоннаға өтінім алынып, 83,0 % құрайды. Оның ішінде қазіргі таңда нақты сатып алынған жанар-жағармай 1190 тонна немес 52,0 % құрап тұр… «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Бұл мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Тиімділігі, жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, іске асырылады. Кооперативтерді техникамен жабдықтау бағыттарына несие берілмек. Аталған бағдарламаға ауданнан 4 ауылдық округі қатысады.