Күні кеше Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің «Көкөніс шаруашылығы саласының және суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері» бойынша көшпелі отырысы өткен болатын. Аталған отырыста Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспанов баяндама жасады. Жалпы бүгінгі таңда Түркістан облысындағы көктемгі дала жұмыстарының ысы, ағын сумен қамтамасыз ету және ағын сумен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер туралы баяндады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 860,0 мың гектарға (2022 ж. – 860,9 мың га) орналастыру жоспарлануда, яғни өткен жылдың көлемінде. Оның ішінде: Дәнді дақылдар 318,0 мың га (+4,3 мың га);Мал азықтық 227,7 мың га (+6,7 мың га).Көкөніс, бақша, картоп 129,1 мың га (+9,7 мың га);Майлы дақылдар 73,5 мың га (-6,3 мың га);Мақта 111,4 мың га (-14,9 мың га); Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің (496,8 мың га.) 453 мың гектары егілді (91%). Анықтама: масақты дақылдар 76,4 мың га (102%), жоңышқа 47,7 мың га (104%), 46,5 мың га дәндік жүгерінің 34,6 мың га (74%), 44,9 мың га көкөністің 36,9 мың га (82%), 15,3 мың га картоптың 12,9 мың га (84%), майлы дақылдар 74,2 мың га (101%), 68,9 мың га бақша дақылдарының 61,9 мың га (90%), 111,4 мың га мақта дақылының 105,8 мың га (95%) егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 48,2 мың тн. (ақпан айына – 13,8 мың тн, наурыз – 13,0 мың тн., сәуір – 11,4 мың тн., мамыр – 10,0 мың тн) жанармай бөлінді. Бөлінген 34,4 мың тонна жанармайдың құны толығымен төленді, оның 31 мың тоннасы агроқұрылымдарға босатылды. (Бағасы 204-206 л/тг). Босату жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына 6,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Нәтижесінде 497 түрлі минералды тыңайтқыштардың құны 50 % субсидияланып, 331,3 мың гектар егістікті тыңайту жоспарлануда. Қазіргі таңда субсидиялауға 4 096 өтінім түсіп, 2 156 өтінімге оң шешім қабылданды (1,6 млрд. теңге). Облыс аумағында минералды тыңайтқыштар тапшылығын болдырмау үшін, отандық тыңайтқыш өндіруші «ҚазАзот» АҚ-мен меморандум рәсімделді. Меморандум негізінде, ҚазАзот АҚ-ның өндірістік қуаттылығын есепке ала отырып, облысқа жалпы көлемі 60,0 мың тонна аммиак селитрасын жеткізу келісілді. Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймада 25 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы («ҚазАзот» АҚ Сарыағаш ауданы базасында, Шымкент қ. Қызылсай қоймасында). Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1293 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылды. Ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде АШТӨ-н несиелендіру жұмыстары облыста алғашқы рет желтоқсан айында басталды. Жалпы дала жұмыстары қалыпты деңгейде мерзімінде жүргізілуде. Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдерге басымдылық берілуде. Атап айтқанда: Облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4,7 мың гектарды құрайды. Бұрын, баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болса, қарқынды баулардан өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 8,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл облыс халқының алма өніміне қажеттілігін 3 есе қамтамасыз етуге мүміндік береді, сондай-ақ, елімізде алма экспортының әлеуетін арттыруға жол ашылады.