Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында бүгінде ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі – 13,0 миллиард теңгені құрады. Қала бойынша ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 3 айдың қорытындысымен 1,1 млрд.тг орындалды. Оның ішінде: мал шаруашылығы – 944 млн. теңге; өсімдік шаруашылығы – 136 млн.теңге. АӨК негізгі капиталға салынған инвестиция – 617,6 млн.тг(жоғарыда аталған АӨК жүзеге асырылатын серпінді инвестициялық жобалар арқылы орындалатын болады,) (Еңбек ШҚ – мал бордақылау алаңы ғимаратының құжаттары: эксплуатациялық акт қалалық статистика басқармасына тапсырылды, Али ШҚ – мал бордақылау алаңы ғимараты, Жеті Жарғы ШҚ, Абдугаппаров А. ШҚ – құс фабрикасы кешені ғимараты мамыр айында құжаттары тапсырылатын болады және алдағы уақытта «Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысушылар есебінен орындалатын болады) Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына салынған инвестиция – 121,2 млн. тг ы (Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдар бойынша тамақ өнеркәсіп мекемелерінің жаңадан алынған құрал-жабдықтары, өнімге бағытталған инвестиция есебінен орындалатын болады. Атап айтқанда: «Ердес-наны» ЖШС( 15 млн.тг), «Тәтті нан» кондитерлік цехі (10 млн.тг) және жеке кәсіпкер Суханов У. (10 млн. тг) нан пісіру цехына алынатын құрал –жабдықтарының құжаттарын (счет фактураларын) мамыр айында статистика басқармасына тапсырылады. Алдағы уақытта қала және ауылдардағы шағын орта бизнес субъектілері есебінен және «Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысушылар есебінен орындалатын болады). Егіс көлемі – 2,5 мың га (жоспар 1 АӨК; 5 ЖШС; 5 ӨК; 201 шаруа қожалық тарапынан орындалады. Бүгінгі таңда жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай алуға өтінім білдірген шаруа қожалық басшыларына бөлім тарапынан талондар босатылып, жанармай таратушы оператор тарапынан 12 956 литр жанар-жағармай босатылды, 26.04.2023 жылға 1473 га жер игеріліп жоспар 58,9 пайызға орындалып отыр. Көктемгі дала жұмыстары жалғасуда). Бір алқаптан 2-3 өнім алу – 3,2 га. Жоспар толық орындалды. (2022 жылы Қарнақ ауылының 20 тұрғыны 3,2 га 1-ші өнім егілді. Тамшылатып суғару әдісі ендірілген алқап — 160 га (ағымдағы жылы ШҚ «Бунияд» тамшылатып суғару әдісін енгізу арқылы, мал азығын егуді жоспарлауда. Қарнақ ауылы, Ақын-Тұма елді мекенінде 98 га жері бар, құжаттарының барлығы түгел. Бүгінгі таңда қаражат көзі күтілуде). Жылыжай шаруашылығын дамыту – 1,5 га (Қарнақ ауылында «Абдашим» шаруа қожалығы 1 га жылыжай кешенін 3 гектарға ұлғайтуды жоспарлауда. Жыл соңымен меже орындалуы күтілуде) Қарқынды бау шаруашылығын дамыту – 102,0 га (Кентау қаласы бойынша жалпы 2500 га ғана жер бар, аталған жерге 22 өнім түрі егіледі. Қарқынды бау шаруашылығын дамытуға басқа жерлердің жоқтығын және аталған жоба үлкен қаржыны талап етуіне байланысты бүгінгі таңда бұл шаруашылықпен айналысуға ниет білдіріп отырған тұрғындардың жоқ екндігін ескере отырып жоспар орындалмау қаупі бар. Сондықтанда бұл меже көрсеткішті жоспардан алу бойынша Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысына Т.Оспановқа 19.04.2023 жылы №229-1-01-20 санды хаты жолданып, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысы, яғни мен барып, басқарма басшысымен осы көрсеткіштерді талқыладық, қазір шешім қабылдауға алып қалды). Жүзім шаруашылығын дамыту – 117,1 га (Кентау қаласы бойынша жалпы 2500 га ғана жер бар, аталған жерге 22 өнім түрі егіледі. Жүзім шараушылығын дамытуға басқа жерлердің жоқтығын ескере отырып жоспар орындалмау қаупі бар. Өсімдік шаруашылығын қайта өндеу, жаңа қуаттылықтар құру – 5 мың тн («Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қала бойынша 2 ауыл енген. Олар: Хантағы және Қарнақ ауылдары. Хантағы ауылы ет бағыты, ал Қарнақ ауылы құс және сүт бағыты. Ал енді өсімдік бағыты ауылдардың бағытына енбей отыр. Сондықтанда жеке тұрғындардың өз есебінен 50-100 тн ғана орындау мүмкіндік бар. Көрсеткішті осы межеге ауыстыру бойынша Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысына Т.Оспановқа 19.04.2023 жылы №229-1-01-20 санды хаты жолданып, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысы, яғни мен барып, басқарма басшысымен осы көрсеткіштерді талқыладық, қазір шешім қабылдауға алып қалды) 1000 бастан жоғары бордақылау алаңдарын ашу – 1 бірлік, сиымдылығы 1000 тн (қалаға қарасты Қарнақ ауылында 1 бірлік мал бордақылау алаңы (Али ШҚ) ашылады деп жоспарлануда) 200 бастан жоғары сүт тауарлы фермаларын ашу – 1 бірлік, сиымдылығы 400 тн ( қалаға қарасты Қарнақ ауылында 1 бірлік сүт фермасы (Еңбек ШҚ) ашылады деп жоспарлануда) Сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу – 5 мың тн ( қалаға қарасты Қарнақ ауылында 1 бірлік сүт өнімдерін қайта өндеу кәсіпорны (Жеті жарғы ЖК, басшысы Утепбаев Е.) ашылады деп жоспарлануда) 5000 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын ашу — 1 мың бас ( қалаға қарасты Қарнақ ауылында 1 бірлік отбасылық құс фермасы (Мұсабек ШҚ) ашылады деп жоспарлануда) Ірі құс фермаларын ашу — 2 бірлік ( қалаға қарасты Қарнақ ауылында 2 бірлік құс фермалары (Абдугаппаров А. ШҚ) ашылады деп жоспарлануда) Ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру — 4 бірлік. Қазіргі таңда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында Кентау қаласы бойынша 4 кооператив құрылған (Қарнақ ауылында 2 кооператив, Хантағы ауылында 1 кооператив, Байылдыр ауылында 1 кооператив) Мал шаруашылығы 2023 жылдың 3 ай қорытындысымен. Мал басы: ірі қара мал — 14 770 бас құрады.(2022 жылмен салыстырғанда 248 басқа кеміген), Уақ мал- 47 149 бас құрады.(2022 жылмен салыстырғанда 1695 басқа кеміген), Жылқы – 3 139 бас құрады.(бірқалыпты деңгейде), Құс -19 156 бас құрады..(2022 жылмен салыстырғанда 358 басқа кеміген), Өндірілген ет (тірідей салмақта) – 497,0 тоннаны құрады. Сауылған сиыр сүті – 1582,2 тоннаны құрады. Жұмыртқа – 224,5 мың дана құрады.