Бүгінде ауыл шаруашылық саласында толайым табыстарға жетіп жүрген Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында жаңбырлатып суғару әдісіне аса көңіл бөлінуде. «2021 жылы Созақ ауыл округінен «Болыс ата» шаруа қожалығы ағын суды үнемдеу мақсатында 30 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғысын орнатты. Құны 9 млн теңгегені құраса, оның 4,5 млн.теңгесі инвестициялық субсидия есебінен шаруаларға қайтарылды. 2022 жылы ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы 62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығы жалпы құны 56 млн.теңгеге жаңбырлатып суару машинасының 28 млн.теңгесі инвестициялық субсидия есебінен шаруашылықтарға қайтарылады. 2023 жылы ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 141 га, «Дәмен» шаруа қожалығына 40 га, барлығы 164 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары» бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда үй іргелік жерлерін дамыту бойынша 52 азамат 28 млн.891 мың 200 теңге грант қаржысын алып, өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару қондырғыларын орнатып, 5,2 гектар аумаққа көкөніс, бақша дақылдарын екті. 2022 жылы Шолақорған-Түркістан бағытындағы жолдың 2 жақ бетіне 3 га жер теліміне 3000 тал егіліп, Қарақұр ауыл округі «Жастар» саябағының 0,5 га аумағына сәндік тал және гүл көшеттері егіліп, Созақ ауыл округі «Жастар» саябағының 0,5 га аумағына сәндік тал және гүл көшеттері егіліп, Құмкент ауыл округінен Ж.Досбаев «Еңбек» бағдарламасы арқылы грант алып 0,25 га жерге көкөніс егіп, Қаратау ауыл округі «Қаратау» ЖШС-і өндірісінің 0,5 га аумағына сәндік тал және гүл көшеттері егіліп, барлығы 5,05 га аумақ тамшылатып суару әдісімен суарылуда. Жалпы ауданда азық-түлік, мал азығы белдеуін қалыптастыру, жаңбырлатып суғару әдісін насихаттау бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп, нәтижесінде аудан шаруалары жаңа технологияны меңгеріп келеді. Сонымен қатар, Созақ ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламаларды ұтымды пайдалу арқасында жылдан-жылға мал басы саны артып келеді. Созақ ауданы мал шаруашылығына қолайлы аймақтың біріне жатады. Жайылым жер де жеткілікті. Осы ерекшелікті жергілікті шаруалар тиімді пайдаланып келеді. Соның бірі — «Қанжарбек» шаруа қожалығы. 2005 жылы құрылған қожалық ет өндіру бағытын қолға алған. Қожалық төрайымы Айгүл Ашетова 2020 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 млн теңге несие алып, 400 бас қой сатып алған. Бүгінде 1130 бас уақ мал, 50 бас мүйізді ірі қара, 75 бас жылқысы бар. Шаруақожалық 2000 га аса жайылымдық жерді пайдаланып отыр. Сондай-ақ, «Инвестициялық салымдар есебінен кеткен шығынның бір бөлігін өтеп беру» бағдарламасы бойынша құдық қазылып, күн сәулесінен энергия алатын қондырғылар қойылған. Қазіргі таңда, мұнда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы мөлшері 200 мың теңгенің төңірегінде. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жеңілдіктер болып жатыр. Субсидиялар көптеп бөлінуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында 21 мен 35 жасқа дейінгі азаматтарға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін несие беріле бастады. Менің ойымша, бұл – үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта осы бағдарламалар аясында қожалықтың иелігіндегі мал басын тағы да көбейтуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда жалпы ауданда 330 мыңға тарта ұсақ мал, 15 мыңнан астам түйе, 25 мыңға тарта жылқы, 40 мың бас ірі қара бар. Сала мамандары мемлекеттік қолдаудың көмегімен бұл көрсеткішті арттыра түсу негізгі міндет екенін жеткізді.