Ауылды ен жайлап, жер жағдайына қанығып өскен адам үшін мал шаруашылығымен айналысу аса таңсық шаруа емес. Содан болар, шаруашылықтың жәйін жақсы білген азаматтардың бірі қолға кетпен ұстап нәсібін жерден айырса, ендігісі төскейге түлік өргізіп, табысын айырып отыр. Кәсіп жер таңдамайды, тәуекелге барып, еңбекке төселе білсең болғаны. Бүгінде уақ малдарды өсіріп бар да, оны түрлі аурулардан сақтау шаралары бар. Малды түрлі кеселден сақтау үшін бүгінде мал тоғыту шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, малды емдеу, алдын алу, кенеден сақтану шаралары, аурудың зардаптары жайлы халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Кенеге қарсы уақ мал басын ванналарда тоғытуға байланысты жұмыстар біраз жылдан бері үзбей жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысының барлық аудандарында мал тоғыту ванналары жұмыс жасап тұр. Оның біразы жергілікті бюджет есебінен, кейбірі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қаражатына салынған. Нақты кезеңде уақ малдарды ваннаға тоғыту, яғни профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Аурудың алдын алу мақсатында мал иелері ветеринариялық дәріханалардан өз қаржыларына кенеге қарсы (ивермектин, ивен, ципэк, креолин Х), т.б. препараттарды пайдалануда. Сонымен қатар, елді мекендерде қоралар мен аулалар дер кезінде механикалық-санитарлық тазаланып кенеге қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Күні кеше Кентау қаласы аумағында көктемгі I — кезеңі кенеге қарсы залалсыздандыру (дезинсекция) жұмыстарына мониторинг жүргізу барысында жұмысшы топ мүшелерінің ҚР АШМ ВБжҚК-нің Кентау қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы С.Бархиеваның, ТО «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ Кентау қалалық филиалы МКК-ның эпизоотологі К.Бойбекованың, вет.бекет меңгерушісі Е.Тойметовтың және ветеринар дәрігерлерінің қатысуында 2 мал тоғыту қауызында 1000- нан аса ұсақ малдары тоғытылды