Ағымдағы жылдың қаңтар- сәуір айларына Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласының экономикалық даму барысы жоғарылып келеді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 163,5 млрд. теңге, нақты көлем индексі 102,0 % құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,9 млрд. теңге (100,0 %); мал шаруашылығы 139,5 млрд.теңге (102,2 %). Республикадағы үлесі 14,1 %. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10,1 млрд. теңге, тиісті кезеңмен 217,9 %, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 1,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен 147,5 % артты. 2023 жылы АӨК саласына жалпы құны 54,1 млрд.теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру жоспарланып, құны 4,9 млрд.тг 16 жоба іске қосылды. 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы — 1 жоба, 1 000,0 млн.тг; Мал бордақылау алаңын салу – 4 жоба, 1 520 млн.тг 490 га жаңбырлатып суару – 3 жоба, 515 млн.тг; 2,1 га фермерлік жылыжай салу – 2 жоба, 650 млн.тг;. Балық өсіру – 3 жоба 750 млн.тг; Сүт өңдеу цехын салу – 3 жоба, 528,0 млн.тг. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да артып келеді. 271,5 мың тоннаға 107,3 млн. доллардың өнімі экспорталып, тиісті кезеңнен 1,5 есеге ұлғайды. 214,4 мың тонна (34,8 млн. доллар) өсімдік шаруашылығы, 5,0 мың тонна (19,6 млн. доллар) мал шаруашылығы, 52,0 мың тонна (52,7 млн. доллар) қайта өңдеу өнімдері экспортқа жөнелтілді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 860,0 мың гектарға (2022 ж. – 860,9 мың га) орналастыру жоспарлануда, яғни өткен жылдың көлемінде. Оның ішінде: Дәнді дақылдар 318,0 мың га (+4,3 мың га); Мал азықтық 227,7 мың га (+6,7 мың га). Көкөніс, бақша, картоп 129,1 мың га (+9,7 мың га); Майлы дақылдар 73,5 мың га (-6,3 мың га); Мақта 111,4 мың га (-14,9 мың га); Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің (496,8 мың га.) 472 мың гектары егілді (95%). Масақты дақылдар 78,3 мың га (102%), жоңышқа 47,7 мың га (104%), 46,5 мың га дәндік жүгерінің 39,0 мың га (84%), 44,9 мың га көкөністің 39,0 мың га (87%), 15,3 мың га картоптың 13,3 мың га (87%), майлы дақылдар 75,3 мың га (102%), 68,9 мың га бақша дақылдарының 64,3 мың га (93%), 111,4 мың га мақта дақылының 109,3 мың га (98%) егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 48,2 мың тн. (ақпан айына – 13,8 мың тн, наурыз – 13,0 мың тн., сәуір – 11,4 мың тн., мамыр – 10,0 мың тн) жанармай бөлінді. Бөлінген жанармайдың құны толығымен төленді, оның 31,8 мың тоннасы агроқұрылымдарға босатылды. (Бағасы 204-206 л/тг). Босату жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына 6,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Нәтижесінде 497 түрлі минералды тыңайтқыштардың құны 50 % субсидияланып, 331,3 мың гектар егістікті тыңайту жоспарлануда. Қазіргі таңда субсидиялауға 4 898 өтінім түсіп, 2 677 өтінімге оң шешім қабылданды (1,75 млрд. теңге). Облыс аумағында минералды тыңайтқыштар тапшылығын болдырмау үшін, отандық тыңайтқыш өндіруші ҚазАзот АҚ-мен меморандум рәсімделді. Меморандум негізінде, ҚазАзот АҚ-ның өндірістік қуаттылығын есепке ала отырып, облысқа жалпы көлемі 60,0 мың тонна аммиак селитрасын жеткізу келісілді. Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймада 16,7 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы («ҚазАзот» АҚ Сарыағаш ауданы базасында). Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде АШТӨ-н несиелендіру жұмыстары облыста алғашқы рет желтоқсан айында басталды. «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО арқылы жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен 1 293 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері несиелендірілді. Жалпы дала жұмыстары қалыпты деңгейде мерзімінде жүргізілуде. Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдерге басымдылық берілуде. Атап айтқанда: Облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4,7 мың гектарды құрайды. Бұрын, баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болса, қарқынды баулардан өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 8,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл облыс халқының алма өніміне қажеттілігін 3 есе қамтамасыз етуге мүміндік береді, сондай-ақ, елімізде алма экспортының әлеуетін арттыруға жол ашылады. Ағын суды тиімді пайдалану, су шығынын төмендету мақсатында ылғал үнемдеу технологиялары ендірілуде. Облыста су үнемдеу технологиялары пайдаланатын алқап 27,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, 21 мың гектарға тамшылатып суғару технологиясы, 6,1 мың гектарға жаңбырлатып суғару машиналары орналастырылған. Сонымен қатар, облыста жылыжай шаруашылықтарын дамытуға агроқұрылымдардың қызығушылықтары артуда. Бұл еліміздің халқын жыл бойына жаңа көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, жылыжайлар көлемі 1 490 гектарды құрайды, немесе республикалық көрсеткіштің 71 пайызы. Былтыр өңірдің жылыжай кешендерінен 91 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Бұл маусымдық кезеңде республика халқының 42 пайыз қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Облыс әкімдігінің ұсынысымен, Үкімет тарапынан жылыжай шаруашылықтарын мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін қарастыруға қол жеткізіп отырмыз. Атап айтқанда, жылыжайлар салу немесе кеңейту жобаларын төменгі пайыздық несиелендіру, гектарлық субсидия, көмір отынын тауар өндірушілерге тікелей жеткізу және фермерлік жылыжайларды стандарттау механизмдерін әзірлеу. Осы тұста біз жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарынынан 100 гектардан агроаймақ құрып, 2027 жылға дейін 500 гектар жаңа жылыжай кешендерін жүзеге асыру жоспарланды. Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы – су қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі немесе 552 мың гектары облысқа тиесілі. Трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану біз үшін бірінші кезекте тұрған мәселе. Облысымызға тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63%-ы көрші мемлекеттердің аумағынан келеді. Ал пайдаланылатын судың 83% — дан астамы ауыл шаруашылығына бағытталады (Қалған 17 % балық, өнеркәсіп, ауыз су, экология). Қазіргі таңда, Шардара су қоймасында 4,7 млрд.м3, Көксарай су реттегішінде 1,4 млрд.м3 су бар. Жалпы суару маусымын қалыпты деңгейде өткізу жоспарлануда. Түркістан өңірінде орташа есеппен жыл сайын 210 млн. текше метр ағын су тапшылығы орын алған болатын. Осы мәселені шешу үшін, облыста бір қатар су нысандарының құрылыстары басталып, 2 ірі су нысандары пайдалануға берілді. 1. Сыйымдылығы 18 млн. текше метрді құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы салынып, нәтижесінде, жылына қосымша 34 млн. текше метр ағын суды жеткізуге мүмкіндік ашылды. 2. Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы жылына 60 млн. текше метр ағын су үнемдеуге қол жеткізілді. Каналдың су өткізу құрылымдарына Австралиялық «Рубикон Воутердің» автоматтандыру жүйесі орнатылды. Айта кететін жағдай, көктемгі тасқын сулардың болу тәуекелділігі таулы аймақтарда жоғары болып табылады. Бұдан бөлек, Түркістан қаласы өңірлерінде ағын су тапшылығын түбегейлі шешу үшін, «Боралдай» (50 млн.м3, жоба құны 15 млрд. тг.), «Бәйдібек ата» су қоймасын салу (68 млн.м3, жоба құны 16,9 млрд. тг.) жобалары әзірленді. Бұл жобалар арқылы суару маусымында «Бөген» су қоймасына қосымша 130,0 млн.м3 ағын су жеткізіледі. «Бәйдібек ата» су қоймалардың құрылыс жұмыстарын бастауға 2023 жылға Республикалық бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаржы қажет. Сонымен қатар, облыс аумағында түгендеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған маңыздылығы жоғары коммуналдық меншіктегі 15 су нысанына күрделі жөндеу, 5 су нысанына ағымдағы жөндеу және жалпы ұзындығы 372 шқ. құрайтын 39 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 2023 жылға 4,3 млрд. теңге қаржы қаралды. Нәтижесінде 70 шқ. канал бетонмен қапталып, 11 594 га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсаратын болады. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. ірі қара мал саны 3,8% — ға (1 341,8 мың бас), қой мен ешкі 3,7% — ға (6 251,1 мың бас), жылқы 9,5% — ға (461,1 мың бас), түйе 5,1% — ға (41,5 мың бас), құс 21% — ға (2303,0 мың бас) ұлғайды. Ет өндіру 1,5% — ға 75,6 мың тн, Сүт өндіру 3,5% — ға артып, 238,5 мың тн, жұмыртқа 81,0 млн.дана (97,5%) өндірілді. Республика бойынша ІҚМ санының 14 %, ұсақ малдың 24 %, жылқының 11 %, түйенің 14 % және өндірілген еттің 13 %, сүттің 16 % өңірдің үлесінде. Өңірде жалпы 9185 бірлік ірі қара мал бордақылау алаңдары бар. Оның 400 басқа дейін 9153 бірлік, 400 бастан – 1000 басқа дейін 15 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 бірлік мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. Сүтті қара мал шаруашылығында 25 бірлік 50 бастан-400 басқа дейінгі сүт фермалары, 2 бірлік 400 бастан жоғары озық технологиялық жабдықталған тауарлы сүт фермалар бар. Жалпы 2023 жылы төмендегі көрсеткіштер аудан, қала әкімдіктері тарапынан бекітілді. Нәтижесінде, жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127 млрд. теңгеге жеткізіледі (НКИ – 103 %). Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 млрд. теңге жеке инвестициялар тарту; Егіс көлемі 860 мың гектарға орналастыру; Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы 9303 гектарға енгізу; Қосымша 202 гектарға жылыжайлар салу; Жаңадан 824,5 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу; Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тн. арттыру; 1346 бірлік а/ш техникаларын алу; Жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаға жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындарын ашу; 1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңын, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасын ашу; 4 бірлік ірі құс фермаларын ашу және жалпы 270,0 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу; 4 бірлік тоқыма, тігін және 6 бірлік жүн, тері өңдеу кәсіпорындарын ашу т.б.