Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы қаруын қарбыздың отаны деуге болады. Жыл сайын 100 гектардан астам алқапқа аталған дақылды егіп, мол өнім алатын дихандар ала жаздай адал еңбегінің рәтін көріп, шетелдерге экспорттайды. Берісі Ресей, арысы Еуропаға асып кетеді Жетісайдың қауын дарбызы. Әрі дәмі тіл үйіретін қауын қарбыздары ашық алаңда егіліп, барынша табиғи нәрмен пісіп жетіледі. Көктемі ерте шығатын Жетісай ауданының диқандары қауын-қарбыз егуді жылда ақпан айында-ақ бастап кететін. Биыл қардың қалың жаууына және қыстың қатал болуына байланысты көктем кеш шықты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған дақылды егуді жарты айдай кешігіп бастады. Дегенмен күннің көзі жылт етісімен кетпеніне жармасқан дихандар уақытты тиімді пайдалана білді. Жетісай ауданындағы Ж.Ералиев, Атамекен, Қызылқұм, Ынтымақ, Жаңа ауыл, Жылы су және Қазыбек би ауылдық округтерінің диқандары 93 гектарға бақша дақылдарын егіп үлгерген. Оның 75 гектарына қауын, 18 гектарына қарбыз егілген. Өткен жылы бақша дақылдары егілген 1311 гектардың 1084 гектарына қауын, 227 гектарына қарбыз еккен Жаңа ауыл ауылдық округінің шаруалары биыл 1500 гектарға бақша дақылдарын егіп үлгерді. Оның 1300 гектарына қауын, 200 гектарына қарбыз егілді. Бүгінгі таңда бақша дақылдары егілген 70 гектар егістіктің 60 гектары қауын болса, 10 гектары қарбызды құрап отыр. Өткен жылы суармалы егістік жерінің 15,2 мың гектарына бақша дақылдарын, соның ішінде 11 мың гектарға қауын, 4,2 мың гектарға қарбыз егіп, 418 мың тонна өнім жинаған жетісайлық диқандар биыл 19 мың гектарға бақша, оның 14,4 мың гектарына қауын, 4,6 мың гектарына қарбыз егіп үлгерді. Енді алдағы жаз мауысымында еккен өнімдерін саудалап, пайда табатын болады. Одан бөлек, қауын қарбызды жинап алысымен екінші өнімді егуді астап кетеді. Осылайша ала күзге дейін бір тынбай бір алқаптан екі үш рет өнім жинап үлгереді. Биылғы қырман жақсы болады деген сенімі зор дихандардың.