Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Халықтың басым бөлігі өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы ауданның жер көлемі – 265 561 га құраса, оның 218 234 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Егістік жерлердің көлемі — 87 348 га (суармалы — 34 018 га, тәлімі — 53 330 га); жайылымдық жерлер — 111 196 га; Аудандағы агроқұрылымдардың саны — 7 100 бірлікті құраса, оның — 6 225 шаруа немесе фермер қожалықтары — 875 заңды тұлғалар болып табылады. Өткен жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімдердің жалпы көлемі — 68 млрд 186 млн. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 2 млрд 187 млн. теңгеге артты. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 5 млрд. 378 млн.тг инвестициясы тартылып, 110 бірлік жаңа жұмыс орындары ашылды. Ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған егістік алқаптардың көлемі 69 600 га құрап, жалпы 485 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. Тамшылатып суғару 476 әдісі гектарға, жаңбырлатып суғару тәсілі 542 га енгізіліп, шаруалардың алған өнімі еселене түсті. Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу бойынша 109 шаруа қожалық 363 гектар жерге 2 өнім егіп, 1-ші өнімнен 7,1 мың тн, 2- ші өнімнен 6,3 мың тн жалпы 13,4 мың тн өнім алды. 15,7 га жерге жылыжай құрылысы жүргізіліп, жалпы аудандағы жылыжайлардың көлемі 97 га жетті. 114 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. ІҚМ тұқымдық түрлендіруіне 15 200 бас аналық қатыстырылды. 3 663 бас бұқашықтар бордақылау алаңдарына өткізілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында агроөнеркәсіп кешенін 2023-2027 жылдарға дамыту «Ұлттық жоба» аясында концепция бекітіліп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 148 млрд 480 млн теңгеге артып, егістік жердің көлемі 2 800 гектарға ұлғаяды. 2023-2027 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында 519 жоба іске асып, 2 907 бірлік жаңа жұмыс орны ашылады. Жобалардың инвестициялық құны — 37 млрд 158 млн 200 мың теңгені құрап, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына инвестиция көлемі тартылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың бағыттары аясында — жылыжай, тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару, қарқынды бау шаруашылықтарын дамыту, ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу — мал шаруашылығын дамыту (ет, сүт, жұмыртқа) өндірістерін арттыру, құс, балық шаруашылықтарын дамыту, ауылшаруашылығы парктерін жаңалаумен су нысандарын қалпына келтіру болып табылады. 2023 жылдың негізгі индикаторлық тапсырмалына сәйкес, Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемін — 75,0 млрд.тг жеткізу жоспарланып 4 айдың қорытындысымен — 10,4 млрд. тг теңгеге орындалды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша негізгі капиталға тартылатын инвестиция жоспары 7,2 млрд теңгенің бұл бағытта іске асырылатын 89 жоба нақтыланып, бүгінгі күнге 700 млн.тг инвестициялық 6 жобасы іске асырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын — 70 400 гектарға орналастыру жоспарланып, бүгінгі күнде 70 421 гектарға немесе 100 пайызға орындалды. Оның ішінде: бидай – 23 894 га, арпа – 2 475 га, дәндік жүгері – 7 011 га, мақсары – 4 913 га, күнбағыс – 500 га, ескі жоңышқа – 13 848 га, жаңа жоңышқа – 5 675 га, мақта – 6 640 га, көкөністер – 3 085 га, бақша – 1 750 га, картоп – 636 га егілді. Егістік жерлерді тиімді пайдалану 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы бойынша ауданда 401 гектарға жоспарланып, орындалуы 141 шаруа қожалықтары 408 гектарға көкөніс бақша дақылдарын орналастырып, 1 – ші дақылдарынан өнімдерін алуда. Бұл бағытта Шұбар ауыл округінде 12 мамыр күні аудандық семинар ұйымдастырылып, шаруаларға жаңа техникамен технологиялар таныстырылды. Ағын суды үнемді пайдалану арқылы мол өнім алу бағытында ағымдағы жылы – 500 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесін ендіру жоспарының бүгінгі күнге орындалуы – 340 га немесе 68 пайызды құраса, жаңбырлатып суғару жүйесін ендіру жоспарының (500 га) орындалуы 430 га немесе 86 пайызды құрап отыр. Ауыл шаруашылығы паркін жаңалау бойынша ағымдағы жылы 111 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарланып, бүгінгі күнге жаңа 28 дана техника алынды. Мал шаруашылығы саласына тоқталар болсақ, ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысымен ауданда — 5 978,6 тонна мал мен құстың еті өндірілсе, — 14 161 тонна сиыр сүті, — 3 208,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара мал – 89 726 басы, қой – 480 063 бас, ешкі – 22 614 бас, жылқы — 26 450 бас, түйе – 912 бас, құс – 371 103 басты құрап отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шұбар ауыл округінен тағамдық жұмыртқа өндіру бағытында «Сандуғаш» жеке кәсіпкерлігі ашылды. Сиымдылығы 17 мың бастық құс фермасы тәулігіне 15 мың дана жұмыртқа өндірсе, «Болашақ» жеке кәсіпкерлігі сиымдылығы 10 мың бастық етті бағыттағы құс өсіруде. Биылғы жылы жоспарланып отырған ірі жобалардың бірі сиымдылығы 6 мың бастық мал бордақылау кешенін салу және 300 бастық сүт фермасының құрылысын жүргізу болып отыр. Бұл бағытта қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 2 жарты жылдығында жылыжай шаруашылығын жүргізуге Қажымұхан ауыл округінен 60 гектар, Шұбар су ауыл округінен 12,8 гектар жер телімдері бөлініп, заң аясында берілгелі отыр. Бұл ретте, басты мақсат жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және көкөніс өнімдерімен қамтамасызету болып табылады. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы Биылғы жылы халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында ауданда «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. I- кезеңде скриниг жұмыстарының нәтижесінде Шұбар және Бадам ауыл округтері енгізіліп, қазіргі таңда аталған 2 ауыл округінен 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 4 бағытта мал бордақылау, сиыр сүтін, құс етін өндіру және жылыжай алаңдарын салу бағытында жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда, құжаттары «Ырыс» МҚҰ ЖШС қаралып, 26 азаматтың құжаттары коммиссиямен мақұлданып отыр. Жобаның II- кезеңін ағымдағы жылдың 2 жарты жылдығында жүзеге асыру жоспарлануда. Оған Бөржар, Қараспан ауыл округтері енгізіліп, құс шаруашылығын дамыту, мал бордақылау, мал басын көбейту, жылыжай шаруашылығын дамыту жобалары жүзеге асырылады.