Топырағын түртсең тарих толғаған Отырар жері ықылым заманнан өркениеттің, мәдениет пен өнердің ордасы ретінде аты қалды. Қасиетті топырақта 30-дан астам әл-Фарабилер шоғыры, Шәмшідей вальс королі, Өзбекәлідей мәдениет мақтанышы, күш атасы — Қажымұхан, Мұхтардай әлем ақыны дүниеге келсе, еңбек майданында 30-ға жуық Социалистік Еңбек ері өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті. Отырар ежелден Түркістанмен байланысын үзген емес. Түркістан күллі түркі жұртының алтын бесігі болса, Отырар – ірі сауда орталығы әрі қазақ өркениеттің алтын діңгегі болды. Тарихы тереңнен басталған Отырардың бүгінгі тыныс-тіршілігі ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге ие. Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы өткен жыл қорытындысымен жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 91 млрд 973 млн 963 мың теңгені құрап, Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі — 24 млрд 948 млн 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 152,2 пайызға артты; Бөлшек сауда көлемі – 4 млрд 059 млн 227 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 101,9 пайызға; Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 18 млрд 849 млн 236 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 108,0 пайызға; Құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд 613 млн 600 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 249,0 пайызға; Іске қосылған тұрғын үйлер 18 657 шаршы метр, нақты көлем индексі – 109,1 пайызға; Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35 млрд 503 млн 700 мың теңге болып, нақты көлем индексі 104,2 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің кірістер жоспары 15 млрд 799 млн 957 мың теңгені құрады. Жергілікті өзіндік кірістер жоспары 1 млрд 800 млн 651 мың теңге болып бекітілген, орындалуы 1 млрд 876 млн 962 мыңға теңгеге жетіп, 104,2 % ға немесе 76 млн 311 мың теңгеге артық орындалды. Аудан бюджетінің шығыстар жоспары 15 млрд 799 млн 957 мың теңге болса, орындалуы 15 млрд 613 млн 398 мың теңгені құрап, бюджет 98,8 пайызға орындалды. 2023 жылы ауданның өзіндік кірістері 2 млрд 80 млн 425 мың теңгеге немесе 2022 жылмен салыстырғанда (айырма 259 млн 546 мың теңге) 15,6 пайызға ұлғайтылып бекітілді. Ауылшаруашылығы саласы бойынша жалпы егіс көлемінің 2022 жылғы жоспары 34 844 гектар болса, орындалуы 36 195 гектарды құрап, егіс көлемі 1351 гектарға артқан. 2022 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің жоспары 33,4 млрд теңге болса, жыл көлемінде жиналған өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы өнімдерінің есебінен орындалу 35,5 млрд теңге жетіп, нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрады (оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,4 млрд теңге, мал шаруашылығының өнімі 13,8 млрд теңге). Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 4,4 млрд теңгеге артқан (2021 жылдың 12-айында 30,1 млрд теңге). Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның жоспары 3,0 млрд теңге болса, жыл қорытындысымен 8,8 млрд теңгеге орындалып, жоспар 3 есеге артығымен орындалды. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көлемінің жоспары 380,2 млн теңге болса, орындалуы 100 пайызды құрады.