Саясат БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ Редактор 13.07.2023 18187 1 оқу мин «БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАРНАМАЛАУ ДӘУІРІ ӨТКЕНГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып – лудоманиямен күрес. «Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Қажет болса, букмекерлер өздерінің жарнамаларын тек демеушілік ететін спорттық іс-шараларда және өз кеңсе ғимараттарына ғана орналастыра алатындай етіп заңнаманы күшейтетін боламыз. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек»,- деді Асхат Оралов. Министр бүгінгі таңда елімізде букмекерлік кеңселердегі жағдай түзеліп келе жатқанын айтты. Соңғы 2,5 жылда олардың саны 38-ден 16-ға дейін азайды. Қазір 4 букмекерлік кеңсенің лицензиясының күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жыл басынан 5 лицензия қайтарып алынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458