Әлеумет САЙРАМДА 2100 ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Редактор 21.09.2023 5501 1 оқу мин Бүгінде жайылым тапшылығы әр өңірде кездесетін өзекті мәселеге айналды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Соның нәтижесінде еліміздің әр өңірінде пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүруде. Жалпы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы жайылымды жерлерді қайтару жоспары — 5,5 мың гектар жер. Ал ауданның жалпы жер қоры – 114 761 гектар жерді құрайды. Жайылым жер көлемі – 24,5 мың гектар. Бүгінде 9 айда – 2100,5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ қайтару бағытында – 473,6 гектар жер, ол 13 іс сотта қаралуда. Бүгінде Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1049 гектар мемлекет меншігіне өткен. Биыл Құтарыс ауылдық округі 126 гектар қайтарылса, ал 285 гектар жайылымдық жер учаскесіне ауыл тұрғындарының малын жаю үшін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру мәселесі қаралып, Жер комиссиясының оң қорытындысы берілген. Жалпы Сайрам ауданында жайылымдық жер учаскелерін қайтару бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жайылымдарды елге қайтару жұмысы жалғасатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 32242 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 30422 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 47404