Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТӨРТКҮЛДІҢ «АҚ АЛТЫНЫ» ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ Редактор 26.09.2023 15432 1 оқу мин Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевпен бірге Төрткүл ауылдық округіндегі мақта өңдеумен айналысатын «Рамазан Агро» және «Нұр Агро 73» ЖШС-не барып, өндіріс барысымен танысты. Мақта алқабын аралап, өнім өндірушілермен және зауыт басшылығымен салалық өндірістегі мәселелер бойынша пікірлесті. «Рамазан Агро» ЖШС мақтаның «Карло», «Эдесса», «АВ 440», «АВ 010», «Лазер» және «Линза» сияқты туркиялық 6 түрлі сортын егеді. Зауыт басшылары биыл 723 гектар алқаптан болжам бойынша 2700 тонна өнім жинауды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Ал «Нұр Агро 73» ЖШС мақта қабылдау және өңдеу зауытының директоры Нұрлан Батырбеков облыс әкімінің аграрлық салаға жауапты орынбасарына күзгі мақта жинау барысы туралы баяндады. Кездесу барысында зауыт басшысы аталған мекемеде жылына 30000 тонна мақта өңделіп, дайын өнімді Чехия және Канада мемлекеттеріне экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Айта кетейік, аталған мақта өңдеу зауыты 300 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6417 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592