Мен Қадырқұлов Роман Алауұлы 19 қазан 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Созақ ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары. 1997 жылы Ташкент Мемлекеттік Университетінің физика –информатика факультетін бітірдім. 1998 жылдан бүгінгі күнге дейін «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясында информатика пәнінен сабақ бере отырып, 2003 жылдан мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары қызметін қоса атқарып келемін. Педагогикалық еңбек жолымды бастаған алғашқы кезден-ақ оқушыға берілетін білім- тек бір сабақтың көлемімен ғана шектеліп қалмау керек екеніне көзім жетті. Мұғалімнің педагогикалық еңбегі шығармашылықпен ұштасқанда ғана ол шын мәнінде «Ұстаз» деген атқа лайық бола алады. Алғашқы қадамым ретінде оқушыларға сабақтан тыс уақытта «Жас программалаушылар» үйірмесін ашып, оған оқушыларды тарттым. Оқушыларды үздіксіз пәндік олимпиадаларға дайыдап отырдым. Зейнеткерлікке шыққанша 40 жыл уақыт ішінде сабақ бере отырып, информатика пәнінен дәріс беріп, үйретуден тыс, жылына осы саланы терең меңгерген бір шәкірттен 40 шәкірт тәрбиелеймін деп алдыма мақсат қойдым. Бүгінгі таңға дейін сол мақсатымнан айнымай келемін. 22 жыл ішінде информатика пәнінен 22 шәкірт емес, сонымен қатар, физика пәні бойынша да осы пәнді терең меңгерген және бүгінгі таңда осы ғылымдарды өз мамадықтарына айналдырған 32 шәкірт тәрбиеледім. Алдағы уақытта да бұл жұмыс өз жалғасын таба беретініне кәміл сенімдімін. Тәрбиелеген шәкірттерімнің әрбірі мектеп қабырғасында жүргенде информатика және физика пәндері бойынша олимпиада, білім бәйгелерінде мектебіміздің намысын аудан, облыс, республика көлемінде жоғары деңгейде қорғай алды . Осындай білім жарыстары арқылы мен өз шәкірттерімді өмірге бейімдеп, білімін ұштауына, болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу арқылы өзім де солармен бірге кәсіби өсе отырып педагогикалық еңбектің шыңына өрмеледім десем болады. 22 жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, шәкірттерімнің шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім.Соның арқасында шәкірттерім соңғы 22 жыл көлемінде аудандық пәндік олимпиадалардаинформатика және физика пәндерінен 9-11 сыныптар арасында бірінші орынды қолдан берген емес. Дайындаған шәкірттерім 2000 жылдан бастап информатика пәні бойынша барлық облыстық пәндік олимпиадаларға үздіксіз қатысып, елеулі жетістіктерге қол жеткізді. 2009 жылы шәкіртім, 10-сынып оқушысы Амангелдиев Асхат информатика пәні бойынша І Республикалық виртуальдық олимпиадада ІІ орын иеленді. Сонымен қатар, Амангелдиев Асхат 11- сыныпта информатика пәні бойынша облыстық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанып Сүлеймен Димерель атындағы Универистеттің гратын жеңіп алып, сол оқу орнына қабылданды. Бұл күндері Асхат сол оқу орнын ойдағыдай аяқтап, Кентау қаласында орналасқан Қазақ- Түрік Лицейінде информатика пәні бойынша ұстаз болып жұмыс жасайды. 2012, 2013, 2014 жылдары Алматы қаласындағы Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Компьютерде бағдарламалау» бойынша республикалық олимпиадасына қатысқан шәкірттерім Қыдырәлітегі Қуаныш, Нұрмаш Арман, Нығмет Мағжан, Зиятбек Айдостар арнайы сертификаттармен марапатталды. Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің грантын жеңіп алған Қыдырәлітегі Қуаныш бүгінгі таңда сол университеттің 4-курс студенті. Мен үшін 2015-2016 оқу жылы ең табысты жылдардың бірі болды. Информатика пәні бойынша облыстық олимпиадада 2 оқушым 9-сыныптар бойынша Зиятбек Айдос пен 11 сынып оқушысы Нығмет Мағжандар І орын иеленді. Екі оқушымда Көкшетау қаласында өткен жаратылыстану пәндері бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 9-сынып оқушысы Зиятбек Айдос ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар Зиятбек Айдос олимпиадада ауыл мектептерінен шыққан жалғыз жүлдегер ретінде «Ең үздік ауыл оқушысы -2016» номинациясын жеңіп алды. Оқулықтарым:2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі «7-сынып. Информатика» оқулығы мен әдістемелік жинағының авторымын. Оқулық Қазақстанда тұнғыш қазақ тілінде жазылып, орыс тіліне аударылған информатика оқулығы. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан орыс және өзбек тілдеріндегі «3-класс. ИКТ» оқулығының, әдістемелігінің, электрондық қосымшасынығ және жұмыс дәптерінің авторымын. 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ, орыс тілдеріндегі «9-сынып және 10-сынып жаратылстану-математика бағытындағы Информатика оқулықтарының, әдістемелік жинағымен электрондық қосымшасының авторымын. 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ, орыс тілдеріндегі 5-сынып және 6-сынып «Информатика» оқулығы, әдістемелік жинағы және электрондық қосымшасының авторымын. Менің және шәкірттерімнің олимпиада есептерін талдау тақырыбындағы мақалалары «Информатика негіздері» республикалық ғылыми -әдістемелік журналында үнемі жарияланып отырады. Сонымен қатар, оқушыларды информатикадан олимпиадаға дайындау тақырыбында 2005, 2007, 2009 жылы Білім жетілдіру институты өткізген бір неше облыстық семинарларда құнды баяндамалар жасадым. 2001 жылы Алматы қаласында «Қазақстанды ақпараттандыру. ХХІ –ғасырға қадам» тақырыбында өткен халықаралық форумның, 2008 жылы информатика пәні бойынша Астана қаласында өткен республикалық форумның қатысушысымын. 2014 жылы 3 айлық курстар бойынша І деңгей бағдарламасын игердім. Осы курстардан алған білімім бойынша бүгінгі таңда мұғалімдерде оқу үрдісінде туындайтын проблемаларды шешу бағытында коучингтер өткізіп келемін. Аудан мектептерімен желілік байланысты жақсы жолға қойып, кәсіби қоғамдастықты дамыту бағытында еңбек етудемін. 2018 жылы Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің Республикалық олимпиадасында жүлделі ІІ орын иелендім. Менің мұғалімдік жұмысым үнемі мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар қызметіммен ұштасып отырды. Орынбасар ретінде жинақтаған әдістемелік тәжірибем, менің мұғалім ретінде табысты жұмыс жасауыма үлкен ықпалын тигізді. Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар қызметін атқара отырып, мектебіміздің дамуына өз үлесімді қосып отырдым. Атап айтсам, мектеп-гимназиясының инновациялық және эксперименталдық алаңында 11 гимназия және 12 жылдық 4 эксперимент сыныбын 15 жыл бойы басқардым. Осы кезеңде мектептегі оқу процессін ұйымдастыру мен мұғалімдердің шығармашылығына, инновациялық процесстерге, оқушылардың пәндік олимпиадасы, ғылыми шығармашылық жұмыстар сияқты мектептегі шығармашылық ізденістің шкаласы болған бағыттарға тікелей жауап бердім.Мұғалім ретінде жинақтаған тәжірибемді үнемі жанымдағы мұғалімдермен бөлісіп, бағыт беріп, өзім басқарып отырған мұғалімдердің шығармашылық потенциалының артуына тікелей ықпал етіп отырдым. Соның нәтижесі болу керек мектебіміз соңғы 6 жылда ауданның ең үздік мектебі атанып жүр. Мектебіміздің оқушылары пәндік олимпиадалар мен білім жарыстарында үнемі алдыңғы орындардан табылып отырды.Жыл сайын мектебімізден 8-10 оқушы облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып отырады. 2016 жылы облыстық пәндік олимпиадаға қатысқан 8 оқушымыздың үшеуі І орын иеленіп, республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, ІІІ орын және «Грамота» иеленді. Марапаттауларым:2003 жылғы облыс Әкімі стипендиясының иегері;2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;2007 жылы Созақ ауданның «Ең үздік мұғалімі» атағын иелендім. -2015 жылы шәкірт дайындаудағы ерекше еңбегім үшін Қ.И Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің алғыс хатымен марапатталдым. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин төсбелгісімен марапатталдым. 2019 жылы республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазымын.