Бүгінгі мектеп оқушыларына сапалы білімнен бөлек саналы тәрбие беру алдыңғы орында тұруы тиіс. Өйткені жаһандану заманында қалтателефондағы анталаған түрлі ағымдардың жетегінде жұтылып кету қиын емес. Сондықтан да саналы ұрпақ өсіру үшін ең алдымен тәрбиенің іргетасын нықтау қажеттігі туындап отыр. Осыған орай «Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Ақшеңгелді ауыл округі Егізқұм ауылы «Егізқұм» жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Әлеуметтік желінің жастарға кері әсері», — тақырыбында кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е.Сариев, Шардара ауданы Ақшеңгелді ауыл округі «Егізқұм» мешітінің молдасы Ж.Беласаров, ауыл биі А.Еділбеков, Ақшеңгелді ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы С.Ташимбетов, мектептің учаскелік инспекторы полиция майоры Ж.Сүлейменов, полиция капитаны М.Сахов қатысты. Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д. Аманов: Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт — дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы — осының дәлелі деп сөзін қорытындылады. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе — бет қарым — қатынас жасаудың орнына, әлеуметтік желілер арқылы қарым — қатынас жасауды жөн көреді. Діни экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген санасына ықпал ету үшін қолданады. Діни сауаты таяз адамдардың діни ақпаратты ғаламтордан іздейтіндігі белгілі. Ал, мұндай адамның ақпарат тарату мәселесінде өте белсенді жұмыс жүргізетін радикалды ұйымдардың қармағына ілінуі ықтимал екенін түсіндірді. Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е.Сариев: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталғанын, ата — бабаларымыздың ұстанған дәстүрлі діні — имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанумен бірге көптеген мысалдар келтірді.