Бұрынғы гектарлаған бау-бақшалар күтімсіз қалған соң алмадан, жеміс жидектен қағылып, күніміз Қытайдың алмасына қарап қалған еді. Бүгінде ауыл шаруашылығына көптеп көңіл бөлудің арқасында алма, жүзім бауларымен айналысатын шаруашылықтар саны артып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ихан ауылы бұрын мақта өсірумен аты шықса бүгінде алма бау егумен де атағы алысқа кетіп отыр. Осы ауылдың тұрғыны Рүстем Кәмілов бүгінде бау-бақша өсірумен айналысып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Оның 64 гектарына «Алматы апортын» ексе, 114 гектарға жүзімнің «Қызыл тайфун» сұрпын егіп молынан өнім алуда. Алдағы уақытта соны технологияны пайдаланып тамшылатып суғарудың арқасында өнімнің өсімталдығын арттырмақ ниетте. Жылыжайда шаруашылығына байланысты біраз артықшылықты Ташкентке барып үйреніп келгенін де жасырмайды. Жылыжайдың ішін қалай жарақтандыру керек, мол өнім алу үшін не қажет соның барлығын да өз кәсібінде пайдаланып көрмек. Күнгейдің шуағы мол ауа-райы да шарасын дөңгелетуге оңтайлы болмақ. Келісінің өзі қалтаны қағып алатын шеттен келетін лимонды да өзі өсірмекке бел буып отыр. Бұл онша қиын шаруа емес дейді бағбан. Шаруа қожалығы өзіндегі ауылшаруашылық техникаларының күшін шаруасына пайдаланады. Сондай ақ ауыл тұрғындарына да жұмыс тауып беріп отыр. Бұл күндерi 20 гектар алқапқа жоңышқа, 40 гектарға бидай, 27 гектарға мақсары өсiруде. Былтыр бидай алқабын 4 рет суарудың нәтижесiнде оның әр гектарынан орта есеппен 50 центнерден өнiм жинап, барлығы 200 тоннадан астам маржан дәндi қамбасына құйып алды. Ауылда жүріп-ақ елдік деңгейде қабылданып жатқан бағдарламаға хал-қадерінше үлес қосып жүр.