
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдерді белсенді түрде енгізіп, білімдері мен біліктіліктерін арттырып, жаңа білім стандарттарын меңгеруде. Жақында олар Түркістан қаласының заманауи мұғалімдер фестивалінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзге ұстаздардан ерекшеленді. Басқару қабілеттерін, әдістемелік, цифрлық және әмбебап құзыреттіліктерін жан-жақты дамытуға бағытталған бұл фестивальге М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің Әтемова Гүлзира, Молдашова Майра, Әденбекова Жангүл сынды шығармашыл мұғалімдері қатысты. Олар заман талабына сай инновациялық технологияларды үйрете отырып, өзге де ұстаздармен тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті. Мұндай іс-шараларға қатысу мұғалімдерге тәжірибе алмасуға, оқытудың жаңа тәсілдерін меңгеруге және өз тәжірибесіне озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар Түркістан облысы мұғалімдерінің білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберліктерін арттыруға септігін тигізуде. Осы орайда облыс мұғалімдеріне білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану арқылы тиімділігін арттыратын инновациялық технологияларды дұрыс әрі сауатты пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдарын көрсетті. Аталмыш шарада өз тәжірибесіне сүйене отырып, мектеп жұмысын жандандыруға септігін тигізетін түрлі жобаларды саралап, инновациялық тәсілдер мен шешімдермен танысты.
Бұл маңызды іс-шара білім беру саласындағы озық тәжірибелерді зерделеумен қатар тәжірибе мен идеялар алмасуға мүмкіндік берді. Өңір мұғалімдері өз тәжірибесінде қолдана алатын құнды білім мен дағдыларға ие болды, бұл сайып келгенде Түркістан облысының білім беру ұйымдарында білім беру стандартын көтеруге және білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған дәуірінде ақпарат ағыны артып, әр адамның ақыл-ой қабілетін қалыптастырып, қабілетін, қабілетін дамыту оқу орындарының басты міндеті болып табылады. Бүгінгі білім саласына қажетті жаңалықтар ұстаздың үздіксіз ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетінен өсіп келеді. Жаңартылған педагогикалық технологияны дамытуда маңызды бетбұрыс жасау қажет, ол әрбір оқушының өзіндік қабілетіне сәйкес білім беруді дараландыруға, оны дербестік пен шығармашылыққа ынталандыруға мүмкіндік береді. Өйткені оқу процесін мемлекеттік білім стандартына сәйкес ұйымдастыру жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды енгізуді талап етеді. Бұл тәсіл әрбір оқушы өзінің әлеуетін ашатын және бірегей қабілеттерін дамытатын инновациялық білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шығармашылығын дамытып, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы біз келешек ұрпақты болашақтың сын-қатерлеріне дайындай отырып, жақсы әрі тиімді білім бере аламыз. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдануды үйрету, білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру іс-әрекеттерін облыстық педагогтерге тәжірибе жүзінде көрсеткен облыстық мұғалімдер фестивалінің көрсетер көмегі көп болып тұр. Білікті ұстазар бір бірімен тәжәрибе алмасып, білімдерін жетілдіріп қайтты. алдағы уақытта осы бағыттағы иннвоациялық оқу үдерістерімен таныстыратын осы тақылеттес шаралар жалғасын табатын болады. Ол үшін жыл сайын түрлі тақырыптар таңдалып алынады.