Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Қаратөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №2 БЖСМ қызметкелерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адамды тұрар адам ғып, Адалдық пен парасаттылық» деп аталады. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат — сыбайлас жемқорлықты анықтау, ақпараттандыру және онымен күресудегі қоғамның маңызды рөліне назар аудара отырып, ақпараттандыруды арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ынталандыруға бағытталды. Шараға қатысушы Айтжанов Динара: «Сыбайлас жемқорлықпен күресті әрқайсымыздан бастау керек. Бұл әрбір азаматтан саналылықты, адалдықты, жауапкершілікті қажет етеді. Әрбір адам жоғары адамгершілік қағидаларды ұстанып, күнделікті өмірінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, заңға сәйкес әрекет етуге және әділдік үшін күресуге дайын болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты күрес, сондай-ақ азаматтық қоғамның белсенді қатысуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар мен іс-шараларды қолдауды, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды басқаруда ашықтық пен жариялылыққа ықпал ететін технологиялар мен тетіктерді енгізуді талап етеді. Әрқайсымыз жауапты шешімдер қабылдау, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау және әділдік пен әділеттілікті насихаттайтын институттарды қолдау арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресте өз үлесімізді қоса аламыз. Бірлесе отырып, біз осы маңызды мәселеде ілгерілеушілікке қол жеткізіп, әділ және әділетті қоғам құра аламыз»,-деп атап өтті. Шара барысында мекемелердегі ашықтық пен есептіліктің маңыздылығы сынды маңызды тақырыптар қозғалды. Негізгі мақсаты – жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады. Бұдан бөлек, «Келес аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің кітапханашыларының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын-жазушы Тұрап Айдаровтың 90 жылдығына арналған «Тылсым жырлар тынысы» атты еске алу кеші болып өтті.Кеш қонақтары Тұрап Айдаровтың поэзиясы мен прозасын тыңдады. Шараға қатысудың басты өлшемі көрнекті жазушының шығармашылығына деген қызығушылық болды.Кеш барысында Тұрап Айдаровтың өлеңдері мен шығармалары ғана ұсынылып қоймай, оның өмірі мен шығармашылығы, Келес өңірінің мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі туралы әңгімелер айтылды. Кешке қатысушылар іс-шараның бай рухани-эстетикалық атмосферасына риза болды. Олар ұйымдастырушыларға тамаша шара үшін және Тұрап Айдаровтың шығармашылығы мен тылсым әлеміне сүңгуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Сондай ақ, «Өз ұлын өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» дегендей, өзінің артынан жарқын із қалдырған , филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын-жазушы Тұрап Айдаровтай тұлғаның есімі мен қазақ тілін дамытуға сіңірген еңбегі, ақындық шығармашылығы бүгінгі шараға жиналған қауымның естерінде көпке дейін қалатынына сенімді екенін айтты. Кеште келестік ақын – жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бердалы Рысбеков, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Әділет Әзімқұлова, сондай ақ, «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» — деп Ташкент қаласындағы «Низами» атындағы педагогикалық институтының түлектері, институттың Ленин атындағы студенттік шәкіртақы иелері, ақынның шәкірттері Өзбекстан Республикасына еңбегі сіңген аға оқытушы Амалбек Сәрсенов пен Халықаралық «Міртемір» сыйлығының лауреаты Робия Дустанова, сондай ақ, Ботакөз Мошқалова, Асан Рүстемовтер ұстаз жайлы, ұстаздың өмірі мен қызметі, шығармашылығы, адами қасиеті жайлы естеліктерімен бөлісіп, осы кешті ұйымдастырған аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Анар Асановаға ризашылықтарын жеткізді.
Тұрап Айдаров жалықпай оқу, ерінбей іздену үстінде жүріп біршама өлеңдер жинағы енген көлемді кітаптары, «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері», «Лингвистикалық география», «Өзбекстандағы қазақ говорларының лексикасы және лингвистикалық география мәселелері» сияқты монографиялық еңбектермен бірге көптеген көлемді ғылыми мақалалары жарық көрген. Оның еңбектері қазақ тіл білімінің дамуына зор ықпал етіп, Қазақстанда да, шетелде де кеңінен танылды. Тұрап Айдаров лингвистикалық мәселелерге арналған ғылыми-көпшілік шараларға, конференциялар мен семинарларға да белсене қатысқан. Ол қазақ халқының лингвистикалық мұрасын зерттеуге елеулі үлес қосып, осы білім саласын жаңа деңгейге көтерген алғашқы қазақ ғалымдарының бірі болды. Оның ғылыми ізденістері тілді тек сол күйінде зерттеуге ғана емес, оның халықтың мәдени және өзіндік санасын қалыптастырудағы рөліне де бағытталды. Тұрап Айдаров тіл білімі саласындағы жас мамандарды даярлауға үлкен көңіл бөлген ардақты ғалым-ұстаз болатын. Шәкірттері мен әріптестері оны кез келген жағдайда көмектесуге, қолдау көрсетуге дайын, жанашыр және бауырмал адам ретінде еске алады. Тұрап Айдаров қазақ ғылымы мен мәдениеті тарихында өшпес із қалдырды, оның ғылыми мұрасын шәкірттері мен ізбасарлары дамытып, жүзеге асыруда.