Бұл айтулы оқиға Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тығыз мәдени байланыстарды, сондай-ақ өңірдің бірегей әдеби мұрасын сақтауға және насихаттауға деген ұмтылысты көрсетеді. Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы, Түркістан облыстық Жазушылар басқармасы, Қазақстан Одағы, Фараб әмбебап ғылыми кітапханасы және Өзбекстанның Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасының қатысуы осындай мәдени шараның маңыздылығы мен маңызын айғақтайды. Елдер арасындағы мәдени байланыстарды тереңдете түсуге, әдеби мұра алмасуға үлес қосатын мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол. «Киелі Түркістаннан – тарихи Ташкентке» атты әдеби мәдени шараның маңызы зор еендігі аян. Кездесуде қазақ және өзбек жазушыларының классикалық шығармалары да, екі елдің қазіргі мәдени және әдеби дамуын көрсететін заманауи мәтіндер де ұсынылды. Әдеби дәстүрлер туралы әңгімелер, қатысушылардың тәжірибелері мен идеяларымен алмасуы мәдени түсіністік пен бір-біріне деген құрметті арттыруға мүмкіндік берді. Шара барысында екі елдің әдеби қауымдастықтарының одан әрі ынтымақтастығы, бірлескен әдеби шаралар мен мәдени алмасулар ұйымдастыру туралы келісімдерге қол қойылды. Қатысушылар қазақ және өзбек авторларының шығармаларын өзге елдің ана тіліне аудару және басып шығару мүмкіндіктерін де талқылады. Аталмыш кездесуге Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің қызметкерлері, Өзбекстан Республикасы Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Назарұлы, жазушы, академик Марат Арынов қатысты. Көрмедегі кітаптар мен фотосуреттер келушілерге осы ғажайып жердің тарихына терең бойлап, оның түркі әлемі үшін маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Келушілердің көпшілігі кесенеге өздері барып, оның тарихымен көбірек танысуға ниет білдірді. Динара Берікқызы келушілердің мұндай қызығушылығын көргеніне қуанып, көрме Тұран-Түркістанның мәдени мұрасымен танысуға көмектеседі деген сенімде. «Фараб» кітапханасы Өзбекстанның бас кітапханасына 150 дана кітапты сыйға тартты. Достық рәуіш ретінде өзбекстандық әріптестер түркістандықтарға 50 кітапты сыйлады. Фараб кітапханасы мен Өзбекстанның Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасы арасындағы бұл достық мәдени алмасу актісі және Түркістан кітапханасына кітаптардың одан әрі сыйға тартылуы әртүрлі мәдениет мекемелері арасындағы ынтымақтастық пен білім алмасудың маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени мұраны таратуға және кітапхана қорын байытуға өз үлесін қосуда. Сыйға тартылған кітаптар өз қадір-қасиетін тауып, қалың оқырман қауымға қолжетімді болып, білімнің таралуына, мәдени байланыстардың нығаюына үлес қосады деген сенім мол.