Оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, тәлім боларлық көптеген шаралар ұйымдастыру қажет ақ. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білімгерлерге түрлі бағыттағы пайдалы шараларды жиі өткізіп тұрады. Жуырда аталмыш мекемеде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» әдістемелік бірлестігінің «Автокөлікті жеке практикалық жүргізу» пәнінен оқушылардың кәсіптік білім алуы, дағдыға үйренуі, біліктілігінің қалыптасуын айқындау мақсатында «Мен – көлік жүргізушісімін!» тақырыбында апталық өткізілді. Жас кезде көргенін тез қағып алады. Сондықтан да көп дүниені жас кезде үйрену керек -ақ. Көлік құралын жүргізуді үйрету сабақтары өтіп жатыр. Мұғалімдер көлік жүргізудің әліппесін үйретуде. Әрине көлік жүргізу оңай шаруа емес. Оны бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргізілуі тиіс. Сондықтан, оқушылар көлік құралын автодромда басқарды. Көлікті жеке практикалық жүргізу барысында теорияда алған білімін тәжірибеде қолдану үйлесім тапса оқушы тез үйреніп алады. Оқу барысында есте сақтау, қимылды, тәсілді орындау қабілеті дамиды. Білім, икемділік пен дағды өзара байланысып оқушылардың кәсіп бойынша толыққанды үйренуіне септігін тигізеді. Оқушылар – жүргізушілердің міндеттері; бағдаршамның және реттеушінің сигналдары; арнаулы сигналдарды қолдану; авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану; маневр жасау; көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру; жүріс жылдамдығы; басып озу, қарсы келіп жол айырысу; аялдап және тоқтап тұру жаттығуларын орындап, алған теориялық және практикалық білімдерінің нәтижесін көрсетті. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Жалпы білімнің үш міндеті бар, олар: баланың жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымының қалыптасуын қамтамасыз ету және оны болашақта белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастайынан алдағы кәсіпке дұрыс бағдарлай алу – ең көкейкесті мәселеге айналып отыр. Кәсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басқышы отбасы тәлім-тәрбиесінен басталып, одан мектеп, мектептен тыс мекемелер, кәсіпорын, шаруашылықпен ұштасып жатыр. Оқушылар аталмыш сабақтан көп нәрсе үйреніп қайтты. Бұдан кейін, «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ағаш бұйымдарын құрастырушы» кәсібінің мұғалімі Дастан Ханалиев 10-сынып оқушыларын «Ахметов» ЖШС-ң өндірістік цехына апарып жиһаз бұйымдарының орындалу реттілігі, технологиясы, станоктарымен таныстырды. Оқуды теория жүзінде оқу бір басқа да, практикамен ұштастыру үлкен сабақ болары сөзсіз. Оқушылар тәжірибе жүзінде көп нәрсе үйренеді. Оқушылармен журнал үстелін жасап шебер сынып көрсетті. Әрі қарай цехта жасалынған бұйымдардың дүкенде сатылымға жіберілгенін көрсетті. Яғни, кәсіпті игеру, шеберлікті дамыту, кәсіпкерлікті игеру жолдарымен оқушылар танысып, көріп қайтты. Оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беру, колледжді, университетті дұрыс таңдауға ықпал ету; әртүрлі заманауи мамандықтар әлемімен таныстыру; өзін-өзі тануға деген қызығушылықты және кәсіби тұрғыдан дамуға деген құштарлықты арттыру. Жеке қызығушылығы мен қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып, мамандықты өзіндік және санамен таңдауға дайындау. Бұдан соң, аталмыш орталықта кәсіби шеберлікке баулу, мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру, еңбекке тәрбиелеу мақсатында «Ағаш бұйымдарын құрастырушы», «Токарь», «Суретші» кәсіптерінің апталығы өтті. Апталық барысында ашық сабақ, маман иелерімен кездесу, өндіріс орындарына саяхат, шебер сыныптар өтілді. Аталмыш апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты психологиялық қызметтің аудандық апталығының бекітілген жоспарына сай Бұдан кейін, Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шаштараз -стилист» кәсібінің 9-сынып оқушыларымен бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын ояту мақсатында «Көңілді күн» топтық көңілді би (флешмоб) ұйымдастырылды. Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Жанна Умурзакова және «Тігін ісі» кәсібінің мұғалімі Меруерт Қалманбай 9- сынып оқушы қыздарымен «Мейірімділік – асыл қасиет» ұранымен оқушыларды сыйластыққа, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Мейірімділік нұры» атты іс-шара өткізді. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралардан оқуышлардың алары көп. Сондай ақ, Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Суретші» кәсібінің оқушылары мұғалімі Патчаева Ольга Ивановнаның жетекшілігімен «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты психологиялық қызметтің аудандық апталығында ойларын сурет жазу арқылы жеткізді. Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, әлеуметтік ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйрету мақсатында Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Айнұр Тұрдалықызы Айтбаева «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кәсібінің оқушы қыздарымен «Өзіңе көңіл-күй сыйла» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушы қыздар позитивті ойлау және сезім мен эмоцияны басқарудың жеті әдісін меңгерді. Оқушылар аталмыш сабақтардан көптеген жағымды эмоциялар ала алды.