«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында табиғи қазбалар қорын реттеу туралы нақтылы жоспарлар түзілген. Егер ел экономикасының басты дамытушы факторы пайдалы қазбалар қоры екенін ескерсек, онда табиғи қазбаларды игеруді дамыту мен мемлекеттік реттеуді әлі де жетілдіру қажет. Сондықтан, Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында осы мәселелер қарастырылып жатыр. «Елбасының айқындаған бес реформасы аясындағы «100 қадам» Ұлт жоспарының 74-75-інші қадамы жер қойнауын пайдалануды реформалауға қатысты. Бұл ретте 74-і қадам жер қойнауын пайдалану саласында қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаттары қорларын Халықаралық есептілік стандарты жүйесіне енгізіп, осы арқылы ашықтықты, болжамдылықты арттыруды мақсат еткен», — деген болатын. Аталған жүйені енгізуді үкімет қарастырып жатыр. Бұл жоспар мұнай-газ саласындағы тиімділікті арттыруды көздейді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында да табтғи қазбалар қоры бойынша нақтылы жұмыстар жүргізілуде. Өңір бүгінде барит, көмір, темір және полиметалл рудаларына, бентонитті саз балшыққа, вермикулит, тальк, әк тас, гранит, мрамор, гипске, кварцтық құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Облыс уран қоры бойынша республикада – бірінші, фосфорит пен темір рудасы бойынша – үшінші орынды алады. Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 2,0 пайызын өндіретін 182 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.