«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы басым бағыттарының бірі – халық алдында есеп беретін кәсіби мемлекет құру. Бүгінде еліміздегі барлық мекеме мен басқарма халық өкілдерінен тұратын қоғамдық кеңестерге есеп бере бастады. Оңтүстік Қазақстан облысында да бүгінде түрлі сала басшылары атқарған жұмыстары туралы есеп беріп келеді. Қазақстан халқы ассамблеясының облыстағы өкілдігі «Қоғамдық келісім» мекемесі болып табылады. Қазіргі таңда көп ұлттың басын қосқан құрылым біршама игі істерге мұрындық болып жүр. Ұлт жоспарының жүзеге асуына да өз үлесімізді қоссақ деген ізгі ниеттері бар. Жарқын болашақта атқарылуы тиіс барлық істердің ұйытқысы болып отырған Ұлт жоспарына сәйкес, былтыр елімізде 59 заң қабылданып, қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Осыған байланысты барлық салаларға жаңашылдықтар енгізілді. Жаңа жоспар, жаңа іс… барлық басқарма өз құрылымдарына сай жаңа бағытта жұмыс атқаруда. Облыс жұртшылығы арасынан 1603 тұрғын іріктеліп алынып, 197-сі қоғамдық кеңеске мүше болған болатын. Олар халықтың атынан есеп алып, атқарушы билік өкілдеріне сауалдарын жолдай алады. Осылайша, ұлт жоспарында көрсетілген оң өзгерістер көпшілік тарапынан қолдауға ие болды. 100 нақты қадамда мемлекеттік басқарудың тиімді тетігін құру жолдары көрсетілген. Ол бойынша бұқара мен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнайды. Дұрысы алтын көпір орнамақ. Ол өз кезегінде екі тараптың да бір бірін тез түсінісуіне даңғыл жол ашпақ. Қоғамның кез-келген мүшесі шенеуніктердің есебін тыңдап, көкейінде жүрген сауалдарын жолдай алады. Қазақстан халқы ассамблеясының сектор меңгерушісі Назипа Шанай «бүгінде қоғамдық келісім комиссиясының алдында тұрған ең өзекті мәселе ол еліміздегі қоғамдық келісімді сақтау, оған барлық ұлт өкілдері ат салысуы тиіс» дейді.