Елбасы жүргізіп отырған жастар саясаты туралы баяндайтын тұңғыш фильмнің таныстырылымы өтті
Жуырда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Оралу» («Дорога Домой») атты толықметражды көркем фильмнің жалпыұлттық тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жарық көрген толықметражды фильм жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті – бас редактор Дидар Амантай, сонымен қатар, фильмнің шығармашылық тобы: қоюшы режиссер, сценарий авторы Рашид Сүлейменов, фильмнің басты кейіпкерлерін сомдаған актерлер Санжар Мәдиев, Аружан Жазылбекова және Обонна Эндобуезе кеңінен әңгімелеп, кинотуынды туралы оң пікірлерін білдірді. «Оралу» фильмі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жастардың қол созған мақсат-мұратына жетуіне жақсы мүмкіндіктер жасалғаны туралы баяндайды. Туындыда ― елден жырақ кеткен, бірақ еліне келіп, туған жерінде мүмкіндіктер, артықшылықтар көбейгенін түсінген, Отанын сүйген адам туралы баяндалады. Картинаның кейіпкері – Мақсатқа – Еуропада тұрған,оқығанұнайды. Ол микробиолог,ауқымды жобалармен айналысатын ірі компанияда қызмет істейді. Мақсаты алыстағы туған жерін тек іссапарлар кезінде, маңызды кездесулер барысында ғана ұшақ терезесінен көргенге үйреніп кеткен. Шалғайдағы ауылда тұратын атасының кенеттен дүние салуы – оның өмірін бір-ақ сәтте басқа арнаға бұрады. Ол мұра боп қалған ат фермасын, жүйрік сәйгүліктерді сатып, ақшаға айналдыру мақсатында еліне оралады. Ауылда жүріп, аз уақыт ішінде туған ауылының тыныс-тіршілігі, тұрмысы өзгергенін байқаған Мақсат, қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылық-қасиеттерін бойына сіңіріп өскен Аружан деген мұғалім қызбен танысады. Ол елдегі жағдайдың өзгергенін байқайды. Еуропалық компаниялар тәрізді, бүгінгі Қазақстанда да қарапайым адамдарға табысқа жету үшін, адал еңбегі арқасында жағдайын жақсарту үшін көп мүмкіндіктер жасалғанын көреді. Еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал азаматы болуға шақырған аталмыш кинотуындының түсіру жұмыстары, негізінен, Алматы облысына қарасты «Тұрар» ауылында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында жүргізілді. «Оралу» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, «Көркем фильм» кинокомпаниясының қатысуымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді.Фильмнің ұзақтығы 90 минут. Картинаның жалпыұлттық тұсаукесері 9 наурызда еліміздің барлық қалаларында және Астана қаласында «Қазақстан» Орталық концерт залында өтті. Салтанатты кешке еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары, фильмнің түсіру тобы және «Қазақфильм» АҚ өкілдері қатысты. «Оралу» фильмі 19 наурыздан бастап жалпыұлттық прокатқа шығады, еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. 9 наурыз күні «Оралу» фильмінің алғаш көрсетілімі Мега-Шымкент сауда орталығындағы «Кинопарк» кинотеатрында көрсетілді. Бүгінгі күні фильмге барлығы 150 жуық көрермен келді.