Медициналық мекемелерде ана мен бала өміріне тікелей жауапты мамандық иелерінің орны ерек екені анық. Аяғы ауыр аналардың алғашқы көмек көрсетушісі де, сүйеніші де осы мамандық иелері. Бүгінде өңірде өз мамандығын сүйіспеншілікпен жасайтын, майталман мамандар көп. Солардың бірі — Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық орталық ауруханасынның перзентхана бөлімінің жоғарғы санатты, тәжірибелі акушеркасы Абдікерімова Динара Абдімәлікқызы. Осы салада 35 жылдан бері акушер қызметін атқарып келеді. Осы уақытқа дейін талай баланың кіндік шешесі атанған.
Шын мәнінде акушерлердің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесін мойындаудың маңызды оқиғасы болып табылады. Дүние жүзі ана мен жаңа туған нәрестенің денсаулығын сақтауда басты рөл атқаратын мамандарға деген құрмет ерек расында. Динара Әбдімәлікқызы Әбдікерімова сияқты акушер-гинекологтар өздерінің бай тәжірибесімен және жанқиярлығымен медицина жүйесінде табанды еңбек етіп келеді. Білікті акушер “Біздің қызметті расында оңай деп ешкім де айта алмайды. Күні, түні періште сәбилердің жарық дүниеге келуіне септігімізді тигізіп, тер төгеміз. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілік те. Нәрестелердің аман сау өмірге келуіне атсалысқанымыз қиын да қызықты жұмыс” дейді.
1986 жылы Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы медициналық училищені бітірген. Динара Абдімәлікқызы 1989 жылы Қазығұрт аудандық перзентхана бөліміне акушерка болып жұмысқа орналасқан, міне содан бері 35 жылдан астам уақыт табан аудармай жұмыс атқарып келеді. 12 500 нәрестеге кіндік ана атанып, 40 — тан астам егіз балаларды босандырып алған. Қолы алтын акушерлер еңбегі мен адалдығы жоғары баға мен құрметке әбден лайық.
Негізінде акушерлердің жұмысы өте ауыр, төзімділікті қажет ететін әрі адал мамандық иесі десек болады. Тіпті, жүкті әйелдердің көңіл-күйіне қуат беретін , бірге қуанып, қиын жағдайда демеу болатын кеңесші де, психолог та, дәрігер де, демеуші де осы акушерлер. Адал да жауапты маманның жүрек жылуы алдағы уақыттарда да дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелерді жылытып, әрбір отбасыға ерекше қуаныш пен бақыт сыйлай берері анық. Акушер болу шынымен де медицинадағы ең адал және талапты мамандықтардың бірі. Жүктіліктен босанғаннан кейінгі кезеңге дейін ана мен жаңа туған нәрестенің денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде акушерлер маңызды рөл атқарады. Олардың жұмысы тек медициналық білімді ғана емес, эмоционалдық тұрақтылықты, эмпатияны және қолдауды қажет ететін көптеген аспектілерді қамтиды. Акушерлер қауіпсіз босануды қамтамасыз етеді, ана мен баланың жағдайын бақылайды, босануға көмектеседі және асқынған кезде шұғыл көмек көрсетеді. Босанғаннан кейінгі күтім де аталмыш мамандардың мойнында. Олар ананың босанғаннан кейін қалпына келуін және жаңа туған нәрестенің денсаулығын бақылайды, нәрестені тамақтандыруға және күтуге көмектеседі. Сонымен қатар, консультациялық қолдау да көрсетеді, болашақ аналарға жүктілік, босану және бала күтімі туралы әңгімелер бойынша сабақтар мен кеңестер береді.
Психологиялық қолдау да көрсетеді, эмоционалдық қолдау көрсету арқылы жүкті әйелдер мен жаңа босанған әйелдерге алаңдаушылық пен қорқынышпен күресуге көмектеседі. Олардың жұмысы аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын жақсартады, асқыну қаупін азайтады және сәтті босану санын арттырады. Кеңес беру арқылы акушерлер болашақ ата-аналардың хабардарлық деңгейін жоғарылатады, бұл ата-ана болуға жақсы дайындалуға ықпал етеді. Акушердің жұмысы медициналық құзыреттілік, психологиялық қолдау және әлеуметтік көмектің жиынтығы болып табылады. Олар әрбір жүкті әйелдің және оның отбасының өмірінде таптырмас рөл атқарады, өмірдің маңызды және жауапты кезеңдерінің бірінде көмек пен қолдау көрсетеді. Акушерлердің адалдығы, қамқорлығы мен кәсібилігі олардың еңбегін баға жетпестей етіп, көптеген отбасыларға қуаныш пен бақыт сыйлауда. Осының бәрін әңгімелеп берген Динара Абдімәлікқызы аталмыш қасиеттердің бәрі де, кәсібилік те осы мамандық иелерінің бойынан табылуы тиіс деп санайды.