Бүгінде мамандандырылған емдеу мекемелерінің мамандары шалғай шеттегі ауылдарға барып, медициналық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Орталыққа келіп, қаралуға мүмкіндігі жоқтарға бұл шара өте тиімді болып отыр. Жуырда Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының мамандары Ордабасы ауданындағы «Қараспан» МСАК-ында науқастарды қабылдау жүргізді. Орталықтан келген мамандарға қаралуға құмбылдар қатары көп болды. Жалпы жобасы 47 науқас қаралды, олардың 9-ында катаракта, 4-інде глаукома және 7-де астигматизм анықталды.
Бұл шаралар аудан тұрғындарына жергілікті жерде білікті мамандарға көз тексерулерін алуға мүмкіндік берді, бұл аудандық ауруханаға бару қиынға соққандардың медициналық қызметтерге қол жеткізуін айтарлықтай жеңілдетті. Дәрігерлер қажетті диагностикалық шараларды жүргізіп, тиісті ем тағайындады, сондай-ақ көз денсаулығын одан әрі бақылау және күту бойынша ұсыныстар берді. Мұндай іс-шаралар шалғай елді мекендердегі медициналық көмекті жақсартуға, халықтың көз аурулары туралы хабардар болуын және оларды дер кезінде емдеу қажеттілігін арттыруға септігін тигізеді.
Аталмыш шараның басты мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарға қол жетімді медициналық көмекті ұйымдастыру және көз ауруларын ерте диагностикалау мақсатында қабылдау жүргізу болып табылады. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Ерте диагностика көз ауруларының асқынуының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Емделмеген көз аурулары көруді айтарлықтай нашарлатып, соқырлыққа әкелуі мүмкін. Осындай орындарға барудың арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары әртүрлі офтальмологиялық мәселелерді дер кезінде анықтауға және емдеуге мүмкіндік беретін білікті тексеруден өтуге мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және халықтың жалпы денсаулығын жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Сондықтан да сала мамандары алдағы уақытта да шалғай шеттегі ауылдарға барып, тұрғындарды тексеруден өткізу шараларын жалғастыратын болады.