Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық орталық ауруханасының мамандары жуырда А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қызметкерлері арасында «Артериалды гипертензияны амбулаторлы деңгейде емдеу» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – халық денсаулығы үшін маңызды артериялық гипертензияның алдын алу және емдеу бойынша мұғалімдердің хабардарлығы мен құзыреттілігін арттыру. Семинар барысында қатысушыларға артериялық гипертензияны диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, сондай-ақ қан қысымын тұрақты бақылаудың маңыздылығы туралы айтылды. Гипертонияның даму қаупін айтарлықтай төмендететін дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тарту сияқты өмір салтын өзгерту бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сарапшылар амбулаториялық негізде тиімді қолдануға болатын қолжетімді дәрілік емдеу әдістері туралы ақпаратпен бөлісті. Семинарға қатысушылар мектеп ұжымының денсаулығын жақсартуға көмектесетін және оқушыларға үлгі болатын практикалық кеңестер мен материалдарды әрі қарай өз жұмыстарында пайдалану үшін алды.
Артериялық гипертензия – бұл систолалық артериялық қысымның сынап бағанасы бойынша 140 мм-ден және диастолалық қысым сынап бағанасы бойынша 90 мм-ден жоғары көтерілуі. Егер сізде АҚ кезеңмен немесе үнемі жоғарыласа және келесі симптомдар байқалса, сізде артериялық гипертония болуы мүмкін дейді мамандар. Сондықтан да қандай да бір белгілер байқалса тез арада дәрігерлерге көріну қажет. Аурудың алдын алу мақсатында осы бағыттағы ақпараттық жұмыстар жалғасын табатын болады.