Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдуалиев бастаған бір топ депутаттар оның ішінде облыстық мәслихат депутаттары Алмас Сәлімов пен Ғалымжан Елшібай Мақтаарал ауданындағы «Атакент» ауруханасында болды. Сапардың мақсаты – мекеменің жұмысымен танысу және Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының алқаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы туралы есебін дайындау болып табылады.
Сапар барысында халық қалаулылары аурухана бөлімшелерін аралап, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын зерделеп, медициналық көмек көрсету мен жабдықтардың жай-күйіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, аурухана басшылығымен және қызметкерлерімен кездесіп, олардың медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.
Сонымен қатар, аурухананың қаржыландыру, материалдық-техникалық және кадрлық мәселелеріне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Сапар депутаттарға медициналық мекеменің жай-күйімен толық танысуға мүмкіндік берді, бұл оларға болашақта негізделген шешімдер қабылдауға және аймақтағы денсаулық сақтау мәселелерін тиімді шешуге көмектеседі.
Аталмыш ауруханада медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша, кадрлардың біліктіліктін арттыру, жаңа жоғары техналогиясы әдістерін енгізу бойынша жұмыстар жоғары деңгейде атқарылуда. Соңғы әлетте жоғары технологиялы оталар аудандық ауруханада жасалуда. Солардың бірі Лапароскопиялық хирургия – яғни, науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі болып табылады. Аталмыш отаның тиімділігі өте жоғары. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші бір-екі күн ішінде аяққа тұрып кете алады. Аталмыш отаны аудандық аурухананың білікті хирургтары мықтап меңгеріп алған. Бұл операция еліміздің медицинасында бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатыр. Ал лапароскопиялық технология арқылы науқастың денесін ешбір тілусіз емдеп, жазуға болады. Аурухананың алтын қолды дәрігерлері аталмыш отаны сәтті жүзеге асырып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Жыл басынан бері Мақтаарал ауданының «Атакент » аудандық ауруханасында 40- тан асатам лапароскопиялық ота жасалынып келеді. Қолы алтын, емі шипалы дәрігерлер осылайша алғысқа ие болуда. Аурухананы аралап көрген Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және депутаттарға ғимарат ескі, типті емес екендігін ескере отырып, жаңа 210 төсек-орынды аурухана салынуын және медициналық санитарлық көліктердің қажет екендігін алға тартты. Жұмыс сапарымен келген мамандар аталған жайт ескерілетін айтты.