Бүгінде балалы болуды аңсап жүрген отбасылар қатары аз емес. Сондықтан да үкімет тарапынан «Аңсаған сәби» атты бағдарлама қолға алынғаны белгілі. Аталмыш бағдарлама арқылы арманы орындалғандардың қарасы көп бүгінде. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, экстракорпоралды ұрықтандыру әдісімен емделгісі келетіндер бүгінде өңірімізде аз емес құсайды. Бір өкініштісі олар жастары ұлғайғанда квотаға өтініш беріп жатады. Яғни адамның биологиялық мүмкіндігі тежеулей бастағанда балалы болу мүмкіндігі де азая береді дейді дәрігерлер. Әрі квотаға тіркелудің де өзіндік талаптары бар. Дегенмен аталмыш бағдарлама біршама адамдарға мүмкіндік беріп отыр. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша бейінді мамандардың диспансеріне тіркелуі керек. Бұл шын мәнінде мұқтаж адамдар үшін емдеуге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ЭКҰ квоталарын дұрыс жоспарлау және бөлу үшін маңызды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлеріне пациенттердің денсаулық жағдайын бақылауға және қажетті қолдау көрсетуге көмектеседі. Квота бойынша ЭКҰ-ға құқығы бар науқастардың тізімі диспансерлік есептер негізінде жасалады. Бағдарлама ерлі-зайыптыларға да, жеке тұлғаларға да ашық. Бұл репродуктивті көмекті қажет ететін барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді және ресурстарды әділ бөлуге ықпал етеді. Пациенттерге де жас шектеулері бар. Негізінде 49 жасқа дейінгілерге мүмкіндік беріледі. Мұндай талаптар ЭКҰ пациенттердің денсаулығы үшін ең тиімді және қауіпсіз екеніне кепілдік береді.
Дәрігерлер біздің елде көптеген жұптар экстракорпоралды ұрықтандыру қызметіне өте кеш, көбінесе 35 жастан асқаннан кейін жүгінетінін атап өтті. Жастар көп жылдар бойы бедеулікті емдеудің консервативті әдістерін қолданғанды жөн көреді, ЭКҰ туралы шешімдерді кейінге қалдырады. Бұл сәтті тұжырымдаманың мүмкіндігі айтарлықтай төмендеген кезде адамдардың ЭКҰ-ға жүгінуіне әкеледі.
Статистика көрсеткендей, ЭКҰ емдеу жағдайларының шамамен 80 пайызы 35-тен 40 жасқа дейінгі немесе одан да асқан ерлі-зайыптылар арасында кездеседі. Теориялық тұрғыдан жасанды ұрықтандыру 45 жастан кейін де мүмкін, бірақ ерлі-зайыптылар жасы ұлғайған сайын қалаған нәтижеге жетудегі қиындықтар арта түседі. Денеде пайда болатын физиологиялық өзгерістер әйелдерде жұмыртқалардың және ерлерде сперматозоидтардың сапасын нашарлатуы мүмкін, бұл сәтті тұжырымдама мүмкіндігіне әсер етеді.
Сарапшылар сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жасы ұлғайған сайын бедеулікті емдеуде нәтижеге қол жеткізу қиындай түсетінін атап өтеді. Адамның ұрпақты болу қабілеті жасына қарай төмендейтінін түсіну маңызды және ерлі-зайыптылар репродуктивті денсаулық саласындағы мамандардың көмегіне неғұрлым тезірек жүгінсе, табысты нәтиженің ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Квотаға өтініш бергендер сан салалы комиссия талдауынан өтеді. Егер оң шешім шығарған жағдайда әйелді порталға тіркеп, емдеу шарасына дайындық басталады. Бүгінде балалы болу бақытын сыйлайтын клиникалар елімізде көп. Тіпті әр қалада бар десе де болады. Олардың барлығы да жоғары санатты көмек көрсетеді. Дегенмен пациент клиниканы өзі таңдайды. Негізгі талаптар бойынша жасанды ұрықтандыру процесін жүргізуге қажетті талдамалар тізімі беріледі. Бұл процесс ұзаққа созылуы да мүмкін. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін талдамалардың барлығы да қажет. Ерлі-зайыптылардың екеуі де тапсыруы тиіс 40-тан астам талдаулар бар. Негізінде мұндай талдаулар өте қымбат тұрады. Екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен арнаулы жолдама негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша талдамалар тегін тапсырылады. Кей жағдайда сирек талдамалар ақылы болуы да мүмкін. Көңіл тоғайтарлығы егер де экстрокарпаралды ұрықтандыру сәтті болмаған жағдайда келер жылы тағы да өтініш беріп, қатыса беруге болады. Былтыр «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Түркістан облысында 100-ден астам нәресте өмірге келген. Осы бағдарламаның арқасында балалы болу бақыты бұйырғандардың қатары жыл санап артып келеді. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби« арнайы бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Ол бойынша 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. Жыл сайын Түркістан облысына 500-ге жуық квота бөлініп келеді. Алдағы уақытта одан да көп квота беріледі деген жоспар бар. Гүлжан Садықбекқызы, дәрігер-репродуктолог: «Гинекологтар әйелдің эндокриндік, фолликулярлық анализдерін қарап, тиісті ем қолданса, кейбір отбасылар эксрокорпоралды ұрықтандырусыз-ақ сәбилі болуы мүмкін. Бедеулік деңгейі анықталған ерлі-зайыптыларды дер уақытысында тізімге алып және гормондарды қалыпты деңгейге келтіретін ем-дом жасалса, әйелдің ағзасы ЭКҰ процесіне 70-80 пайыз дайын болып келеді де, ем өз нәтижесін береді».
Қазіргі таңда жасырары жоқ гинекологтар ана мен бала өмірін сақтау мақсатында аяғы ауыр әйелдермен көбірек жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде ана мен бала өлімін азайту мақсатында болып келеді. Ал, бала көтере алмай жүрген әйелдердің мәселесі назардан тыс қалып кетеді. Оларға барынша ем жүргізіп, қажет болған жағдайда ЭКҰ бағдарламасына жолдау жағы назардан сырт қалады. Енді алдағы уақытта аталмыш санаттағы әйелдерге барынша көңіл бөлу жағы қарастырылмақ. Балалы болу бақыт екені белгілі. Сондықтан да осы бақыттан үмітті әрбір отбасы аталмыш бағдарламаға иек артса болады.