Конго-Қырым қанды қызбасы бойынша Түркістан облысы колайсыз аймақтар қатарына жатады. Сондықтан да эпидемиологиялық жағдайды жақсарту және алдын алу іс-шараларын күшейту мақсатында Арыс аудандық орталық ауруханасында арнайы семинар тренинг ұйымдастырылды. Осы семинар-тренингте мамандар ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ аурудың алдын алу мен күресудің тиімді әдістерін талқылады. Инфекцияның таралуын болдырмау шараларына, оның ішінде қызметкерлерді құралдармен жұмыс істеудің және үй-жайларды дезинфекциялаудың дұрыс тәртібіне үйретуге ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар аймақтағы биосанитарлық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтауға және жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупін барынша азайтуға бағытталған. Жүйелі оқыту мен семинарлар арқылы медицина қызметкерлері өз білімдері мен дағдыларын жаңартады, бұл халықтың денсаулығына төнетін ықтимал қауіптермен тиімді күресуге ықпал етеді. «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы ҚР ДСМ-114, ҚР ҰЭМ 23.06.2015 жылғы №144 «ҚР халқының арасында Конго-Қырым қанды кызбасын диагностикалауды және оның алдын алуды жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» бұйрықтар назарға алынды.
Семинарда эпидемиолог дәрігер Э.Абдикеримова және инфекционист дәрігер Н.Утегенова баяндама жасады. Алдағы уақытта аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша мұндай шаралар жалғасын табатын болады.