Бүгінде балалар ауруларының алдын алу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Денсаулық сақшыларына соңғы әлетте енгізілген жаңа әдіс тәсілдер туралы толыққанды ақпараттық біліктілік арттыру курстары, семинарлар ұйымдастырылуда. Жуырда Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының Балалық шақтың ауруларын ықпалдастыра емдеудің стандарттарын енгізу бағдарламасы бойынша штаттан тыс бас маманы Н. Нарымбетова Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының қызметкерлеріне “Диареяны жіктеу, бағалау, емдеу , анаға кеңес беру, күтімді үйрету» бойынша семинар-тренинг өткізді.
Аталмыш семинар барысында аталған ауру түрінен сақтану, емдеу жолдары туралы толық ақпарат берілді. Семинарға Сарыағаш ауданындағы барлық емдеу мекемелерінің аға мейірбикелері, дәрігерлері, аймақтық мейірбикелері қатысты. Семинар барысында Н.Нарымбетова балалардағы диареяны жіктеу мен бағалаудың заманауи тәсілдері, оны тиімді емдеу әдістері туралы жан-жақты айтып берді. Аналарға дұрыс кеңес беріп, ауру балаларды күтудің қыр-сырын үйретудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Мұндай білім медициналық көмектің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың балаларының денсаулығына қатысты сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Бұл семинар-тренинг Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында өткен семинар-тренинг медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда маңызды қадам болды. Қатысушылар жаңа стандарттармен және емдеу әдістерімен танысып қана қоймай, өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектесетін тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Негізінде балалар арасында көп кездесетін диарея метаболикалық ауру болып саналады. Бұл жағдай сұйықтық пен натрий, калий және бикарбонаттар сияқты электролиттердің жоғалуымен бірге жүреді, бұл баланың жалпы жағдайының айтарлықтай нашарлауына әкеледі. Бос нәжіс және құсу — бұл ауруды көрсететін негізгі белгілер.
Балалардағы диареяның алдын алу және емдеу үшін симптомдарды дереу анықтау және сұйықтық пен электролит балансын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдау маңызды. Балаға тұрақты бақылау және демеуші терапия, соның ішінде регидратация ерітінділері мен тамақтануды түзету қажет. Ауыр жағдайларда ішілік сұйықтықтар мен дәрі-дәрмектерді қабылдау үшін ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін.
Мамандар ата-аналарға профилактикалық шараларға, оның ішінде гигиена мен дұрыс тамақтануға назар аударуды және аурудың алғашқы белгілерінде дәрігермен кеңесуді ұсынады. Ата-аналарды аурудың алдын алу және оларға күтім жасауды үйрету асқынулардың алдын алуда және балалардың денсаулығын жақсартуда басты рөл атқарады. Осы және өзге де нұсқаулықтар дәрігерлерге жіті түсіндірілді. Сонымен қатар, дәрі дәрмектер реттілігі мен күтім мәселесі де жан жақты талданды. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы семинарлар облыстағы барлық аудандардағы емдеу мекемелерінде ұйымдастырылатын болады.