Жуырда Түркістан облыстық тері венерология диспансерінің дәрігері Ержан Шаймерденов аурухананың медицина қызметкерлеріне «Тері лейшманиозы» тақырыбында семинар өткізді. Лейшманиоздың ауыр дерт екенін есте ұстаған жөн және оны емдеу тек тәжірибелі дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Бұл аурудың алдын алу үшін құм шыбындарымен жанасудан аулақ болу, репелленттерді қолдану, эндемиялық аймақтарға барған кезде қорғаныс киімдері мен аяқ киімдерін кию қажет. Семинардың арқасында аурухананың медицина қызметкерлері лейшманиоздың себептері, белгілері және алдын алу әдістері туралы маңызды ақпарат алды. Бұл оларға қауіпті дертті дер кезінде анықтауға және емдеуге, сондай-ақ халықты сақтық шаралары туралы хабардар етуге көмектеседі. Індеттің алдын алу іс-шаралары табиғи ошақтарда мұқият жүргізілуі қажет. Сонымен қатар, медициналық іс-шаралар да атқарылуы тиіс. Лейшманиозбен науқастанғандар емдеу мекемелеріне медициналық көмекке тез арада жүгінулері қажет. Негізінде тері лейшманиозбен ауырғандар тері венерологиялық стационарларда емделуі тиіс. Диагнозын зертханалық растау үшін жараның шеткі инфильтратынан материал алынып, зерттеледі. Емдеу мекемесінде емделіп шыққанан кейін 1 жыл бойы диспансерлік бақылауда болады. Мұндай аурулардың көбейіп кетпеуі үшін профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралар ұдайы жүргізіліп отырылуы тиіс. Үндеместермен күресу үшін көктемнен бастап олардың өніп — өсетін дуалдардың жарықтарын сылап-тегістеп, күл-қоқыстарды, кеміргіштерді жойып, індерін көміп тастау қажет. Жеке бас қорғану – бұл нешетүрлі масаға қарсы жақпамайларды қолданып, жәндіктердің шағуынан сақтану. Сонымен қатар үйлерде терезе – есіктерге тор іліп, ұйықтарда масахана пайдаланған жөн.
Сондай-ақ, ультрадыбыстық москит репеллерлерін, хош иісті шамдарды және эфир майы диффузорларын, аэрозольдарды және жәндіктерге қарсы спрейлерді пайдалануға болады. Масаның шағуынан қорғауға сондай-ақ ұзын жеңдер мен шалбарларды, бас және мойын торларын, сондай-ақ қатты жарық пен дыбысты шағылдырғыштарды қоса алғанда, қорғаныс киімдерін кию кіреді. Масалар жайсыздық пен аллергиялық реакцияларды тудырып қана қоймай, безгек, қанды безгегі, Зика безгегі сияқты әртүрлі инфекцияларды тасымалдауы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан масалармен күресу денсаулық пен қауіпсіздіктің маңызды аспектісі болып табылады. Дәрігер Ержан Шаймерденов осы және басқа да ақпараттармен бөлісті. Жалпы ауруды емдегеннен көрі аурудың алдын алған әлдеқайда тиімді екендігі белгілі. Сондықтан да денсаулық сақшыларының алдын алу жұмыстарын жүргізгені құба-құп.