Демографиялық дамуымен көп аймаққа үлгі болып отырған Түркістан облысында бүгінде көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Олардың басым бөлігі жүкті аналар мен балалардың денсаулығын жақсартуға арналған жобалар. Соның бір дәлеліндей күні кеше Түркістан облысында “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылды. Аталмыш жобаның салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Облыстық №2 перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл жоба аймақ үшін бірегей және жүкті әйелдер мен олардың құрсақтағы балаларына медициналық көмек көрсетуді айтарлықтай жақсартуға көмектеседі. Бір күндік клиника аясында УДЗ, биохимиялық зерттеулер, генетикалық зерттеулер сияқты тексеру түрлері жүргізіледі. Осының арқасында дәрігерлер нәресте туылғанға дейін ықтимал проблемаларды анықтап, олардың алдын алу немесе емдеу үшін қажетті шараларды қабылдай алады.
Бұл жоба туа біткен ауытқуларды азайтуға және жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға арналған. Бір күндік клиника ерте диагностика саласында табысты және тиімді үлгі болып, көптеген отбасыларға күрделі мәселелер мен асқынулардың алдын алуға көмектеседі деген сенім басым.
№2 Облыстық перинаталдық орталығының базасында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасының ресми түрде іске қосылуы көптеген мүмкіншіліктерге жол ашып отыр. Онда аяғы ауыр әйелдер бір күнде «Бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі дәл нәтижелерін ала алады. Бүгінде жасырары жоқ аяғы ауырлаған әйелдер уақытылы есепке тұрмайды. Аталмыш жоба осындай кем кетіктерге жол бермейді. Ең маңыздысы — дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақытылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді.
Әрі қарай, «Бір күндік клиника» жобасы аясында жүкті әйелдер бір күн ішінде барлық қажетті талдаулардан өтеді, бұл нәтижені күту уақытын айтарлықтай қысқартады және емдеуді немесе жағдайды түзетуді мүмкіндігінше тезірек бастауға мүмкіндік береді.
Тексеру кезінде ультрадыбыстық зерттеулер, қан мен зәр анализі, генетикалық зерттеулер және басқа да қажетті процедуралар орындалады. Бүкіл процесті жоғары білікті мамандар бақылайды және нәтижелердің дәлдігіне кепілдік береді.
Бұл тәсіл жүкті әйелдерге сапалы және уақтылы көмек көрсетуді ғана емес, сонымен қатар ана мен балада асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жоба перинатология саласындағы жаңа стандарттарды құру жолындағы алғашқы қадам болып табылады және болашақ аналар мен олардың балаларының денсаулығын жақсартуға көмектеседі.
Мұнда көптеген артықшылықтар бар. Пренаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу және №2 Облыстық перинаталдық орталықтың Ұрықты сақтау орталығына бару болып табылады. Бұл әрине өте қымбат процедура. Дегенмен орталыққа мұның бәрі де тегін. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі, содан кейін хромосомалық ауытқуларға тексеру үшін қан алу жүзеге асырылады.
Бұл кезең ұрықтың мүмкін болатын генетикалық патологияларын анықтауға мүмкіндік береді, мысалы, Даун синдромы, Эдвардс синдромы және тағы басқа сынды. Зерттеу нәтижелері дәрігерлерге мұндай ауытқулардың даму қаупін бағалауға және жатырдағы нәрестенің денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі. Мамандардың ұсынымдарын орындау және пренатальды диагностикадан бас тартпау маңызды, өйткені бұл одан әрі емдеуге және баланың денсаулығына қатысты сұрақтарды шешуге айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Пациенттің өмір тарихы, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі және биохимиялық скрининг деректерін салыстыру өте жоғары білікті дәрігерлердің қатаң бақылауынан өтеді. Тұқым қуалайтын патологиясы бар баланың туу қаупін бағалаумен нәтиже беретін арнайы заманауи компьютерлік бағдарламамен жүзеге асырылады. Қауіп жоғары болған жағдайда, жүкті әйел сол күні генетиктен консультация ала алады. Генетик генетикалық аспектіні егжей-тегжейлі зерттеуді жүргізеді және диагнозды нақтылау үшін амниоцентез немесе хорион биопсиясы сияқты қосымша диагностикалық әдістерді ұсынады. Нәтижелерге байланысты жүктіліктің одан әрі барысы туралы шешім қабылдауға және баланың ықтимал даму ерекшеліктеріне дайындалуға болады.
Кешендегі жаңа тәсіл ықтимал патологияларды ерте кезеңде анықтауға жол ашады. Өте қысқа уақытта яғни, бір күннің ішінде ұрықтың жағдайы мен денсаулығы жайлы өте дәл болжамды алуға мүмкіндік береді. Барлық зерттеп-қарау «Бір күндік клиника» жобасының шеңберінде мүлдем тегін жүзеге асырылады. Бұл тәсіл ықтимал асқынулардың алдын алуға және болашақ ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі. Жоба аясында жұмыс істейтін мамандар тобы акушерия және гинекология саласында жоғары білікті және тәжірибелі.
Науқастар жетекші мамандардан кеңес алып, барлық қажетті тексерулерден өтіп, қысқа мерзімде нәтиже ала алады. «Бір күндік клиника» жобасы уақытты үнемдеуге және жүктілік жағдайы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ықтимал патологиялар туралы күдік болса немесе нәрестенің сау екеніне көз жеткізгісі келетіндер осы емханаға келсе болады.