Биылғы көктем жаңбырлы болып, күн жылуы кешеуілдегенімен кенелердің бас көтерер шағы басталды. Осыған орай, түрлі қауіпті аурулардың да бас көтерер кезі басталды. Конго-Қырым қанды қызбасы – аса қауіпті жұқпалы ауру екені белгілі. Күн жылығаннан адамдар қора-қопсысын тазалап, қой қырқып, қой тоғытып және табиғат аясына демалу науқанын бастайды. Сол кезеңдерде кене шағудан қауіпті індет бас көтеруі әбден мүмкін.
Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық орталық ауруханасына қарасты Жарты төбе дәрігерлік амбулаториясы Баба ата фельдшерлік акушерлік бекетінің медицина қызметкерлері аула аралап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты. Бұдан бөлек, ”Абайлаңыз кенеден келер кесір көп” атауымен Жартытөбе дәрігерлік бекетінің қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратты.
Кене – Конго-Қырым геморраргиялық қызбасы ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Адамға ауруды кенелер шаққан кезде, немесе науқастың қаны мен қанды шығындылары арқылы, құрамында вирус бар материал теріге және шырышты қабықтарға түскен кезде жұғуы мүмкін. Негізгі профилактикалық шараларға кенелер аймағында қорғаныш киімдерін кию, орманда немесе шөпте жүргеннен кейін денеде кене бар-жоғын үнемі тексеру, репелленттерді қолдану, ауру адамдардың қанымен және тіндерімен байланысын болдырмау жатады. Аурудың белгілері пайда болған жағдайда диагноз қою және емдеу үшін дәрігермен кеңесу керек.
Өкінішке қарай, адамдар кене шағуы мүмкін немесе шаққан жағдайда да сөзсіз ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ескермей, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ойланбайды. Сондықтан кенелер өмір сүретін жерде келесі сақтық шараларын есте ұстаған жөн: Кенелердің әсерін азайту үшін денеңіздің көп бөлігін жауып тұратын қалың киім киіңіз. Ашық теріге кене репеллентін қолданыңыз. Орманда немесе табиғатта серуендегеннен кейін киіміңізді және денеңізді кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Үйге оралғаннан кейін душ қабылдаңыз және қол жеткізу қиын жерлерге назар аудара отырып, денеңізді мұқият тексеріңіз. Егер сіз өзіңізде кенені тапсаңыз, оны теріңізден бөліп, одан әрі шағуға жол бермей, арнайы құралдың көмегімен алып тастаңыз. Кене шаққан жағдайда, кене энцефалиті немесе боррелиоз сияқты ықтимал ауруларды тексеру үшін дәрігерге хабарласыңыз. Осы қарапайым шараларды орындау кене шағуынан кейін жағымсыз салдардан аулақ болуға көмектеседі.
Осы және де кенеден сақтану жолдарын дәрігерлер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде Құмкент дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері, Қарақұр дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері халық арасында түсіндіру жумыстарын жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратты. Алдағы уақытта қауіпті аурулардан сақтану жолдары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.