Бүгінде ауыр аллергиямен, бронхитпен, астмамен ауыратындар аз емес. Оның себептері де әртүрлі. Аталмыш аурудың алдын алу бағытында бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы орталық ауруханасына қарасты Бөржар БМСК орталығында Демікпе мен аллергияға қарсы күрес күніне орай семинар сабақтары өткізіліп, үн-парақшалар таратылды.
Семинарларда мамандар демікпе мен аллергияның пайда болу себептері, олардың алдын алу және емдеу әдістері туралы айтты. Сондай-ақ астматикалық және аллергиямен ауыратындарға күтім жасау бойынша ұсыныстар, сондай-ақ назар аудару керек негізгі белгілер туралы толығырақ түсіндірді. Парақшаларда танымал аллергендер, олардан қорғану жолдары туралы ақпарат, сондай-ақ симптомдардың күшеюі кезінде көмектесе алатын мамандардың байланыс ақпараты бар.
Іс-шаралар адамдардың тез арада көмекке жүгініп, дұрыс емделуі үшін демікпе мен аллергия мәселесі туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Осындай іс-шаралар осы дертке шалдыққан адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесері сөзсіз. Бронхиалды астма — тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруы, ол демалу, жөтел және ысқырық шығарумен дем алу түрінде көрінеді. Астманың дамуы тұқымқуалаушылықпен берілуі де мүмкін, өмір салты сияқты ішкі факторлармен қатар, аллергендер және экологиялық ластану сияқты сыртқы факторларға байланысты. Демікпенің белгілері ентігу, ауа жетпей кеуде қуысының қысылуы, жүрек соғысының жиілеуі, тез шаршау, түнде жөтел және тыныс алудың қиындайды. Демікпе үнемі бақылау мен емдеуді қажет ететінін есте ұстаған жөн, сондықтан дұрыс емдеуді тағайындау үшін дәрігермен кеңесу керек.
Демікпе емдеуде қолданылатын дәрілердің негізінен екі түрі бар: қабынуды азайтатын және тыныс жолдарының тітіркендіргіштерге реакциясын төмендететін қабынуға қарсы препараттар және тыныс алуды жеңілдету үшін тыныс жолдарын кеңейтетін бронходилататорлар. Сондай-ақ аллергендермен байланысын болдырмау, темекі шегуден бас тарту және салауатты өмір салтын сақтау маңызды. Дәрі-дәрмектен басқа, үнемі жаттығулар жасау, диетаны қадағалау, стресстен аулақ болу және жалпы салауатты өмір салтын сақтау ұсынылады. Әрбір адамға ем жеке тағайындалады, демікпенің емі әр адамның ерекшеліктерін ескере отырып, жеке таңдалуы керек. Осы және өзге де ақпараттар туралы толыққанды түсіндірілді.