Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханасы атаулы күндерді ешуақытта қалыс қалдырған емес. Әрдайым игі бастамаларды мұрындық болып, жақсы бастамаларға бастамашы болып отырады. Жуырда аудандық ауруханада «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында 5 сәби дүниеге келді. Ауданға қарасты Қараспан, Бөржар, Шұбар су елді мекендерінен – 3 сәбиге мерекеге орай босанған ана мен балаларды құттықтау мақсатында аурухана басшысы жаңа туған сәбилерге алғашқы сый сыяпаттарын табыстап, игі тілектерін білдірді.
Сондай-ақ, ол оларға жергілікті қайырымдылық ұйымдары ұсынған сыйлық пакеттерін табыс етті. Жаңа туған сәбилерге осыншама құрмет пен қошемет көрсеткеніне және ілтипат білдіргені үшін аурухана басшылығына ата-аналар үлкен алғыстарын білдірді. Аурухана басшысының бұл тамаша бастамасы ата-аналар үшін жағымды тосын сый болып, перзентханада мерекелік ахуал орнатты. Сәбилері дүниеге келгеніне бір қуанған ата-аналар, сый-сыяпатқа кенеліп тағы да қуанышқа бөленді. Бұдан бөлек, аурухана қызметкерлері де ата-аналарға сәбилерінің дүниеге келуімен құттықтап, балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз деп өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.