Бүгінде Түркістан облыстық балалар ауруханасы білікті де білімді, тәжірибелі мамандарымен мақтана алады. Аталмыш емдеу мекемесінде мамандардың біліктілігін арттыру үшін жыл сайын арнайы шетелдерден мамандар шақыртылып, шеберлік сабақтары өткізіліп тұрады. Сабақ барысында арнайы ота да жасалады. Мұндай тәжірибелік сабақтардың тиімділігі өте көп әрине. Одан бөлек мамандарды шетелдерге оқуға жіберу де үрдіске айналған.
Мәселен, өткен жылы облыстық балалар ауруханасының 33 маманы, оның ішінде 10 дәрігер Астана қаласының «University Medical Center» корпоративтік қорының «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында оқытудан өтті. 6 дәрігер оның ішінде балалар хирургі, уролог, лор, реаниматолог, анестезиолог Стамбул университетінің клиникаларында практикадан өтті. Шетелдік мамандардан науқасты емдеудің соңғы заманауи әдістерін үйренуден бөлек, түрлі күрделі ота жасауға да қатысып, өздерінің тәжірибесін арттырды. Әрине теориялық білімнің орны бөлек екені белгілі, дегенмен тәжірибеден өтіп, отаға қатысудың маңызы жоғары екені белгілі. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалынған келісімшартқа сәйкес, Туркия Республикасында Стамбул қаласында «Туа біткен жүрек ақауларының Туркия елінде диагностикасымен емдеудін заманауи әдістері және Туркия елінің балалардағы қосарланған жарақаттардың шұғыл емдеу жолдары» тақырыбында өтетін біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылған болатын. Осыған орай, Облыстық балалар ауруханасының кардиохирургиялық бригадасы оның ішінде балалар кардиохирургі, балалар кардиологы, балалар реаниматологы-перфузиологы және балалар хирургі, балалар нейрохирургі, балалар травматологы, балалар анестезиологы барып, тәжірибеден өтіп қайтты. Бұдан кейін Түркия еліне балалар хирургтары, оториноларинголог, уролог барып тәжирибе жинақтап келді. Неонатальды жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Стамбул және Мәскеу қалаларының ғылыми орталықтарында білімін жоғарлатты. Бүгінде медицина бір орында тұрған жоқ. Күн сайын қаншама ғылыми жаңалықтар ендірілуде. Ота жасау бойынша қаншама құрал жабдықтар өндіріске ендіріліп жатыр. Құрылғылармен жұмыс істеуді меңгеру де біраз білімді қажет ететіні белгілі. Одан бөлек жаңа заманауи жаңалықтардан да сыртқары қалуға болмайды. Сонымен қатар, сайын шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Мұндай сабақтардың білім жетілдіруде көрсетер көмегі көп. Кардиохирургия саласы бойынша — Белоруссия елінен мамандарымен, урология бойынша –Түркі елінен келген мамандармен, неврология бойынша –ҚР ДСМ-нің бас балалар неврологы қатысуымен, реабилитация бойынша — ҚР ДСМ-нің бас балалар реабилитологы қатысуымен, хирургиялық оталардан кейін күтім бойынша, жұқпалы аурулар бойынша – Астана медициналық университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісінің қатысуымен, дәрігер- реаниматолгтарға ҚР ДСМ-нің бас балалар реаниматологы қатысуымен, неонатальды жансақтау бөлімшесіне ҚР ДСМ-нің бас неонатологы қатысуымен шеберлік сабақтары өткізілді.
Перинаталдық кезең патологиясы және неврологиялық және нейрохирургиялық бейіндегі ВПР бар 3 жасқа дейінгі балаларды бақылау және оңалту үшін жоғары білікті мамандарды тарта отырып, «Қамқорлық қоры» ерте араласу орталығы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда қарқынды түрде жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында барлығы — 89 баланы оңалту шаралары жүргізілді. ДЭЭГ – аппаратынан 43 тексеру, КСВП аппаратынан – 27 тексеру өткізілді. Облыстық балалар ауруханасының неонаталды хирургтары 258 пренаталдық консилиумға қатысты, 229 нәресте ОПО-дан ауыстырылды, оның 57 — сі операциялық емдеуге ауыстырылды. Стандартқа сәйкес туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелерге ОПО-да неонаталдыхирургтары бару арқылы 8 ота жасады. Отаның барлығы да сәтті өтті. Бүгінде ота жасалған балалардың барлығы да ауруынан айығып, қалыпты өмірге қайта оралды. Мұның барлығы да облыстық балалар ауруханасының қолы епсекті дәрігерлерінің кәсібилігінің арқасында қол жеткізіліп отыр. Бүгінде жасырары жоқ жүрек ақауымен туылған балалар саны да аз емес. Оларға емдік шаралар жүргізіліп, кейбіріне ота жасалуда. Емдеуші дәрігерлердің арқасында бүгінде аталмыш дертке шалдыққан балалардың дені дертінен айығып, қатарға қосылуда.
Облыстық ауруханасында жүрекке 45 операция жасалған, оның ішінде АИК қолданумен ашық жүрекке 39 операция, бір жасқа дейінгі 37 бала, 7 жаңа туған нәресте, 34 эндоваскулярлық операция (интервенциялық радиология), оның ішінде бір жасқа дейінгі 8 бала бар. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді (ЖТМУ) дамыту — балалар кардиохирургиясы бойынша 18 операция жасалынды. Оталардың барлығы да сәтті жүзеге асырылды. 228 жаңа туған нәресте ретинопатияға скринингімен қамтылды, 38 шала туған нәресте ретинопатия анықталды, 5 нәрестеге тор лазерлеу операциясы жасалды. 623 пациент облыстық балалар ауруханасының оңалту бойынша емделді. Мұның барлығы да ауруханадағы кардиохирургия және офтальмология саласындағы айтарлықтай жетістіктерді көрсетеді. 45 кардиохирургиялық операция, оның ішінде кардиопульмональды шунттау (КПБ) арқылы жасалған 39 ашық жүрекке операция, сондай-ақ 34 эндоваскулярлық ота бұл дегеніңіз керемет жетістік. Әсіресе, жас емделушілерге көңіл бөлінуде, оның ішінде бір жасқа дейінгі 37 бала мен 7 жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалған. Балалар кардиохирургиясы сияқты жоғары технологиялық медициналық қызметтердің дамуы ең жас балаларға маманның көмегін көрсетудегі ілгерілеушілікті көрсетеді. Барлық операциялардың сәтті аяқталуы медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің жоғары екендігінің көрсеткіші болса керек. Жаңа туған нәрестені ретинопатияға скринингтік тексеруден өткізу және ретинопатия диагнозы қойылған шала туылған нәрестені кейіннен емдеу, оның ішінде ретинопатияға лазерлік ота жасау да аурухананың жаңа туған нәрестелердегі көз ауруларының алдын алу және емдеудегі маңызды бөлігі болып табылады.
Дәрігерлер дертті балаларды оңалтуға бар күшін салуда. Ажалға адам бермеуге барын салатын ақ халаттылардың еңбегі далаға кетіп жатқан жоқ. Жыл жылжыған сайын бала өлімі азайып келеді.