Түркістан облысында өткен жылы 55 мың сәби дүниеге келген. Оның ішінде егіздер мен үшемдердің де үлесі мол. Ел демографиясына қарқынды үлес қосып жатқан өңірде бүгінде ана мен бала денсаулығын жақсартуға барынша жағдай жасалуда. Облыстық №2 перинатальдық орталықта жылына бес мыңға жуық бала дүниеге келеді. Түркістан облысының №2 перинатальдық орталығы әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі сауықтыруға, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге жоғары білікті медициналық көмек көрсететін көпсалалы медициналық мекеме болып табылады.
Аталмыш перинаталдық орталық акушерлік көмектің үшінші деңгейінде. Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығы ана мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтауда, жақсартуда маңызды рөл атқарады. Жылына бес мыңға жуық сәбидің дүниеге келуі – облыстың, еліміздің болашағына қосылған сүбелі үлес екені айқын. Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ жаңа туған нәрестеге мамандандырылған күтімді қамтитын мұндай күтім деңгейі ұлттың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Орталық көрсететін акушерлік көмектің үшінші деңгейі медициналық көмектің жоғары деңгейіне және озық медициналық технологиялар мен мамандарға қолжетімділікке кепілдік береді.
Облыстық перинаталдық орталықтардың негізгі қызметі шала туған нәрестелерге көмек көрсету болып табылады. Яғни, әйелдерді 32 аптаға дейін әртүрлі патологиямен босандырып алады. Орталықта 600-800 грамдық салмақ дәрежесінде дүниеге келген балалар көп, бүгінде балалардың бәрі аман, оларға қажетті көмек көрсетіледі. Дәрігерлер бүгінде аналардың денсаулығына алаңдаулы. Дені сау анадан дені сау бала туылатыны белгілі. Бірақ, өкінішке қарай, ханымдар көбінесе жүкті болған кезде ғана денсаулығына мән береді. Ал жүкті әйелді емдеу қиынырақ. Сондықтан, барлық аналарға жүктілікті жоспарлау кезінде барлық тиісті мамандар: кардиолог, онколог, эндокринологтардың жіті тексеруінен өтуі тиіс. Сонымен қатар, дәрігерлерді жүкті әйелдер арасында онкологиялық ауруға шалдыққандар санының көбеюі алаңдатады. Интергенетикалық аралықты сақтамайтын әйелдер көп. Яғни, 2021-2022 жылдары қан қысымы 160-180 мм сынап бағанасы жоғары босанғандар сол қысыммен қайтадан босануға келеді. Бұл олардың денсаулығына кері әсер ететіні анық. Аталмыш орталық 70-80 пайыз қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған. Барлық резервтер пайдалануға қосылған. Мекеме медициналық жоғары оқу орындарымен де тығыз байланыста. Күн сайын мейірбике қызметкерлерімен және дәрігерлермен тәжірибелік курстар өткізеді, дәрігерлердің білімін кеңейтіп, дағдыларын шыңдайды. Медицина бір орында тұрмайды, сондықтан да күн сайын жаңа ілім мен білім, ізденіс үстінде жүреді дәрігерлер. Биылғы жылы облыста фертильді жастағы 436 996 әйел, 26 911 жүкті әйел болса, оның ішінде 12 013 жүкті әйелдердің 45 пайызында қауіпті факторлар бар экстрагенетикалық аурулары бар. Абсолютті қарсы көрсеткіштері бар жүкті әйелдер бар — шамамен 190 адам. Бұл жүктілікке қарсы көрсетілімі бар әйелдер, бірақ соған қарамастан олар босануға шешім қабылдаған.
Аталмыш орталықта 4500-4600 нәрестенің 2000-ы шала туылған нәрестелер. Бұл өте жоғары пайыз. Олардың ішінде салмағы төмен сәбилер көп. Жуырда медбикенің екінші сатысы – патология бөлімі ашылған болатын. Аталған бөлімнің көрсетер көмегі көп болып тұр. Босанудың нәтижесі мен баланың жағдайы ананың денсаулығына байланысты. Сондықтан да дәрігерлер жүктілікті жоспарлау туралы ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Әйелдер жүкті болуды алдын ала тексеріп болғаннан кейін шешсе және олардың нақты аурулары туралы білсе, онда, әрине, жүктілік оңайырақ болады. Яғни, жүкті болғанға дейін тиісті мамандар қажетті ем-домын жүргізіп, содан кейін жүктілікті жоспарласа жақсы болар еді. Бірақ кейде бәрі керісінше болады алдымен олар жүкті болады, содан кейін олар емдеуді бастайды дейді дәрігерлер. Өкінішке қарай, мерзіміне қарамастан, ананың өмірін сақтап қалу үшін жүктілікті тоқтатуға тура келетін жағдайлар болып тұрады. 2022 жылы 57 956 бала туылған болса, 2023 жылы 54 471 дүниеге келді. Бірақ қалай болғанда да облыс туу көрсеткіші бойынша көшбасшы болып қала береді. Облыста перинаталдық көмек үш деңгейге бөлінген және барлық деңгейдегі мамандар операциялық дағдыларды толық меңгерген.
Заманауи құрал-жабдықтардың арқасында орталықтың жаңа туған нәрестелер бөлімінде күтім жақсы жасалады. №2 перинатальдық орталықта кенгуру әдісі белсенді қолданылады. Бір қызығы, жаңа туған нәрестені бағуға әкелерге де рұқсат етілген. Мамандардың айтуынша, әкелер бұған қуана келіседі екен. Аталмыш орталықта бала денсаулығын жақсартуға барынша жағдай жасалынған. Үміт жоқ деген сәбилердің өзін, емдеп жазып қатарға қосуда.