Медициналық технологиялар мен емдеу әдістері керемет жылдамдықпен дамып жатқан қазіргі кезде медбикелердің кәсіби дамуы қалаулы ғана емес, сапалы медициналық көмек көрсетудің қажетті шартына айналып отыр. Оларға үздіксіз білім берудің маңыздылығы артуда. Медбикелерге арналған үздіксіз білім табысты медициналық тәжірибенің негізі болып табылады. Жаңа процедураларды үйрену, озық технологияларды меңгеру және мамандандырылған салалардағы білімін арттыру медбикелерге денсаулық сақтау саласында алда болуға мүмкіндік береді.
Медбикелердің кәсібилігі емдеу сапасына және пациенттердің қауіпсіздік деңгейіне тікелей әсер етеді. Кәсіби оқыту арқылы алынған құзыреттілік пен сенімділік медбикелерге қиын жағдайларда саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Түркістан облысына қарасты Арыс қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған «Үздік мейіргер – 2024» сынды байқаулар мен іс-шаралар тәжірибе алмасуға және медициналық тәжірибедегі инновациялық тәсілдерді ілгерілетуге бірегей алаң жасайды. Мұндай іс-шаралар медбикелердің кәсіби ғана емес, тұлғалық өсуіне де ықпал етеді. Мейірбикенің кәсіби дамуы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Медбикелердің білімі мен дағдыларын дамытуға инвестициялар медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және нәтижесінде қоғамдық денсаулықты жақсартуға әкеледі.
Күні кеше Түркістан облысына қарасты Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Үздік мейіргер — 2024» байқауы болып өтті. Мақсаты мейіргерлердің кәсіби білімінің деңгейі мен біліктілігін арттырып, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Өзіндік ерекшелігі бар мейірбике қызметкерлерінің жетістіктерін, өнерін насихаттау болып табылады.
Аталған байқау медицина күніне орайластырылған және оған Арыс аудандық орталық аурханасына қарасты денсаулық сақтау мекемлерінен 12 мейіргер қатысып, «Өнерлінің өрісі – кең» — өз өнерін көрсетті, «Мамандығым-мақтанышым» — үй тапсырмасын орындады. Байқауға төрелік еткен қазылар алқасының мүшелері – хирург-дәрігер Оспанов Ә, бас медбике Аманов Г, Жұмағұлов Ә. режиссер, мәдениет ардагері қатысушылардың сахна мәдениетіне, кәсіби іс-тәжірбиесіне, шығармашылық деңгейіне, жүріс-тұрысына жан-жақты баға берді. Байқау барысында тек кәсіби деңгейлері ғана сынға түскен жоқ. Олар жан жақты зерделеді. Мейіргерлер тек емдеу ісінде ғана емес, өнерде де асығы алшы екендіктерін дәлелдеді. Бар ықыластары мен өнерлерін ортаға салған мейіргерлер ақырып жеңісті қолдан берген жоқ. Бірінен бірі озып тұрған мейіргерлердің қайсысы жеңіске лайықты екендігін анықтау әділ қазыларға да оңайға түскен жоқ. Сонымен, Бас жүлде – Халила Гүлмарал босану бөлімі, І орын – Мүсілім Ботакөз, орталық емхана, ІІ орын – Әбдірәсіл Алмагүл, Орталық емхана, Дүйсенбай Жансая, терапия бөлімі, ІІІ орын – Ботабаева Ғажайып, хирургия бөлімі,Пердебекова Майра мамандандырылған бөлім. Осылайша нағыз хас жүйріктер жеңіске жетті. Сонымен қатар , арнайы номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды. «Өз ісінің маманы» — Омарбек Жанар, балалар бөлімі, қатысқаны үшін — Қуанышбай Фариза «Сырдария» дәрігерлік емханасы, Жандарбек Толғанай, Орталық емхана, Алпысбай Әйгерім, жедел жәрдем бөлімі лайықты деп танылды.
Барлық қатысушы талапкерлер ұйымдастыру алқасы тарапынан дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқау аса тартысты өтті. Мұндай ерекше форматта ұйымдастырылған байқау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.