Бүгінде Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінде күніне 200-ден астам күрделі оталар жасалады. Бұл қолы алтын ақ халаттылардың біліктілігінің арқасында жүзеге асып отыр. Ал дәрігерлердің білімі мен біліктілігін арттыру үшін барынша қолдау көрсетілуде. Жуырда Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖК «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның гепатопанкреатобилиарлы хиурргия және ағзаларды трансплатациялау бөлімшесінде Алматы қаласы Қазақстан Республикасының бас хирургі м.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен шеберлік сабағы өтті.
Гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау бөлімшесінде өткен шеберлік сабағы медицина мамандарының біліктілігін арттыруға және хирургия саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал ететін елеулі оқиға. Қазақстан Республикасының бас хирургі, профессор, Алматы қаласы Ұлттық ғылым академиясының академигі Болатбек Баймахановтың қатысуы Түркістан облысында медицина ғылымы мен тәжірибесін дамыту үшін осындай шаралардың маңыздылығын көрсетеді. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы мұндай бастамаларды белсенді түрде қолдап келеді, өйткені мұндай шаралар медициналық көмектің сапасын арттыруға және емдеу үдерісіне жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл жергілікті мамандарға танымал сарапшылардан білім алуға және алған білімдерін өз жұмыстарына қолдануға мүмкіндік береді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен жағдайы ауыр науқастарға кеңес беріліп, емдеу тактикасы шешілді. Соның ішінде, жағдайы ауыр екі науқасқа ота жасалды.
Болатбек Баймаханов сынды білікті маманның ауыр дертке шалдыққан науқастарға берген кеңестері мен оталарына қатысуы емнің сапасы мен нәтижесіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Оның тәжірибесі мен білімі тиімді емдеу тактикасын жасауға көмектеседі, бұл әсіресе ауыр дертке шалдыққан науқастар үшін маңызды. Ұлттық ғылым академиясы академигінің қатысуымен жүргізілетін консультациялар мен операциялар сияқты іс-шаралар науқастың жағдайын бірден жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, жергілікті медицина мамандарына құнды тәжірибені беруді қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде өңірдегі медициналық біліктілікті одан әрі дамытуға және денсаулық сақтау саласын жақсартуға септігін тигізеді.
Шеберлік алмасу барысында бір науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалынды. Бұл ота ұйқы безінің басының қатерлі ісігінде, жалпы өт жолының терминальді бөлімінің ісігінде, он екі елі ішектің үлкен папиллярының және он екі елі ішек ісігі кезінде жасалады. 68 жастағы науқас 1 айдан бері ауырып, дене сарғаюы пайда болған. Қосымша тексерулер нәтижесінде құрсақ қуысының МРТ-да холедохтың терминальді бөлігінің Фатер түтігінде ісік анықталған. Гастропанкреатикодуоденэктомия — бұл ұйқы безінің басындағы және іргелес органдардағы қатерлі ісіктерді емдеу үшін жиі қолданылатын күрделі хирургиялық процедура. Ол ұйқы безінің басын, асқазанның бір бөлігін, он екі елі ішекті, өт жолын және өт қабын алып тастауды қамтиды. Бұл операция жоғары білікті хирургтың араласуын қажет етеді, сондай-ақ операциядан кейінгі мұқият күтімді қажет етеді. Науқаста сарғаюдың дамуы өт жолдарының бітелуін көрсетеді, бұл жиі осы аймақтағы ісіктермен байланысты. Ішті МРТ-ға түсіру нақты ақпарат береді және ісіктердің болуын анықтайды. Біліктілік алмасу аясында мұндай операцияны өткізу науқастың өмірін сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар медицина мамандары арасындағы білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өңірдің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін маңызды.
Фатер түтігінің қатерлі ісігі – он екі елі ішектің бір бөлігіне әсер ететін қатерлі ісік. Ауру баяу прогрессивті процесске және кеш метастазға ие. Бұл аймақта ісік түзілуінің өсуі өт жолы ағынының бұзылуына әкеледі. Салдарынан механикалық сарғаю дамиды. Он екі елі ішекке әсер ететін тоқ ішек қатерлі ісігі шынымен де ауыр дерт. Ол баяу дамиды және жиі дамыған кезеңде метастаз береді. Ісіктің өсуі өт жолдарының бітелуіне әкелуі мүмкін, бұл өттің ағып кетуіне кедергі келтіретін обструктивті сарғаюды тудырады. Қатерлі ісіктің бұл түрін емдеу әдетте хирургиялық араласуды қамтиды және ісіктің сатысы мен дәрежесіне байланысты химиотерапия немесе сәулелік терапияны қажет етуі мүмкін. Табысты емдеу мүмкіндігін арттыру үшін он екі елі ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау және емдеу үшін жүйелі түрде скринингтерден өту маңызды.
Келесі науқасқа Таннер отасы жасалынды. Бұл ота өңештің варикозды тамырларының кеңеюі кезінде және қан кетудің алдын алу мақсатында жасалынады. 28 жастағы науқас Қақпа венасының тромбозы, өңештің варикозды қан тамырларының кеңеюі анықталған. Осыған дейін азаматқа Спленэктомия отасы жасалынып, өңештің варикозды қан тамырларынан қан кетуі кезінде эндоскопиялық лигирлеуі жүргізілген.
Таннер процедурасы, сонымен қатар трансабдоминальды портожүйелік шунт (TAPS) ретінде белгілі, циррозы бар науқастарда жиі кездесетін порталдық гипертензияны хирургиялық емдеу болып табылады. Бұл операция бауырды айналып өтетін қан ағымының жаңа жолын жасайды, бұл портал венасындағы қысымды төмендетуге және өңештің варикоздарынан қан кетудің алдын алуға көмектеседі. Портальды вена тромбозы және өңештің варикоздары өмірге қауіп төндіретін қан кетуге әкелуі мүмкін ауыр жағдайлар болып табылады. Спленэктомия (көкбауырды алып тастау) және өңеш тамырларын эндоскопиялық байлау осы жағдайларды кешенді емдеудің бір бөлігі болып табылады. Таннер операциясынан кейін науқастар асқыну қаупін азайту және сәтті қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін мұқият бақылау мен қолдау көрсетуді қажет етеді. Қақпа венасының тромбозы – көптеген факторларға байланысты, қақпа қан тамыр жүйесінде қан ұйығышының пайда болу процесі. Ол жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Саларынан өңештің қан тамырларының кеңеюі пайда болып, асқынып, қанауы дамиды. Білікті хирургтың арқасында ота сәтті өтті.
Қазіргі таңда отадан кейін науқастардың жалпы жағдайы жақсы, дренажды түтіктері қанағаттанарлықтай жұмыс жасауда. Бұрындары мұндай күрделі оталар Астана және Алматы қалаларында жасалынатын. Енді Алматы қаласының «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен» жасалған меморандум аясында қаладағы және жақын аудандардағы хирургиялық паталогиясы бар науқастарға күрделі оталар Түркістан облысы облыстық клиникалық ауруханасының базасында жасалуда. Күрделі оталардың сәтті аяқталуы да оңай емес. Сондықтан да мықты хирургтармен бірлесе, тәжірибе алмасу өз нәтижесін беруде. Енді алдағы уақытта Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздың бауыр циррозымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек, соның ішінде, бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары мен тәжірибие алмасулар ұйымдастыру жоспарлануда.