Бүгін Шымкент қалалық онкологиялық орталығының ұйымдастыруымен Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялаудың маңызы және жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті. Түске дейін «АРБАТ» алаңында дәрігерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 30 шақты тұрғынды қамтыды.
Ашық есік күні барысында келушілер биылдан бастап енгізілген Адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауға қатысты пайдалы ақпараттар мен кеңестер алды.
Бұл бағыттағы шаралар Шымкент қалалық онкологиялық орталығында ғимаратында жалғасты.
Адам папилломавирусы — адамнан адамға таралатын және қатерсіз ісіктердің-папилломалардың дамуына түрткі болатын ДНҚ вирустары тобының ұжымдық атауы.Қазіргі уақытта кейбір жоғары онкогенді АПВ/HPV штамдарына қарсы вакцинация алу мүмкіндігі бар. Вакцинация ағзадағы вирусты емдемейтінін, бірақ оның кейбір қауіпті түрлерімен инфекцияның алдын алатынын есте ұстаған жөн.