
фото ШПДБҚ
Жиырмаға жуық мопед тізгіндеген жас жігіт түнгі уақытта қала көшелерінде көптеген заң бұзушылықтарға жол берген.
Мұны бейнебақылау камералары арқылы дер кезінде байқаған ЖБО инспекторлары оларды ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттады.
Жол қозғалысы қағидаларын елемей жүруді сүйетіндер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал пайдалану талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айыптұраққа тоғытылды.
Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алатынын еске салады.