
фото ШПД
Полиция прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚКД-мен бірлесіп, «Қазақтелеком» АҚ-мен меморандум шеңберінде жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде SIM-box пайдаланумен жасалған заңсыз әрекеттерді анықтап, жолын кесті. Виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған құрылғы арқылы ел аумағында алаяқтық жайттары жүзеге асырылған.
Екі жалдамалы пәтерді тексеру барысында 32-арналы екі SIM-box құрылғысы мен өзге де жабдықтар табылып, тәркіленді.
Заңсыз схеманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен күдікті ұсталды. Қаскөй мессенджер арқылы алған нұсқауларға сәйкес әрекет еткені анықталды.
Полиция мұндай құрылғыларды заңсыз пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады, сондай-ақ мұқият болып, құқық бұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлауға шақырады.