Облыста осы жылдың он айында 66 190 нәресте дүние есігін ашқан. Оның 654-і егіз болса, 10-ы үшем. Өздеріңізге мәлім, елімізде туылатын сәбилердің бестен бірі Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келеді. Өңірімізде соңғы 5 жылда 300-ден астам жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артты. Материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді. Айта кетейік, өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 66 500 сәби туылған.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі