Әлеумет Желіде мародер мен мейрамхана иесінің қақтығысы жайлы видео пайда болды Редактор 07.02.2022 12389 Әлеуметтік желіде Алматыдағы мейрамханалардың бірінің қожайыны мен мародерлер арасындағы қақтығыс түсірілген бейнежазба пайда болды. Мейрамханасын мародерлер басып алғанын білген қожайын басбұзарлардың ортасына еркін кіріп, шақырылмаған қонақтарды сабырға шақыруға тырысқан, деп хабарлайды Экспресс К. Қаңтардағы бүлік кезінде өз меншігін қорғамақ болған жігіт пен тонаушының арасындағы егес қантөгіспен аяқталуы да мүмкін еді. Жігіттер, бұл менің мейрамханам. Мен осы жердің қожайынымын. Ал сендер үйлеріңе келгендей тайраңдап жүрсіңдер, — дейді видеоның авторы. Мейрамхана иесі келгеннен айылын тартпаған мародерлердің бірі оған тіпті өз талабын қояды. Мен сенің қымбат ішімдігіңнен тағы біреуін алайын. Онсыз да біразын көтеріп кеткенбіз. Тағы алғымыз келеді. Бірақ сен мені ұры деме, — дейді видеоға түсіп қалған басбұзар. Ресторатордың түнгі қонақтардың ұсынысымен келіспеске амалы қалмаған болуы керек, ол меймандарын барға шақырып, сұрағандарын беріп шығарып салады. Бұған дейін де Экспресс К қаңтардағы бүлік кезінде тонаушылардың Алматыдағы бассыздықтары туралы жазған болатын. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6559 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8339 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5917