Әлеумет Желіде мародер мен мейрамхана иесінің қақтығысы жайлы видео пайда болды Редактор 07.02.2022 13128 Әлеуметтік желіде Алматыдағы мейрамханалардың бірінің қожайыны мен мародерлер арасындағы қақтығыс түсірілген бейнежазба пайда болды. Мейрамханасын мародерлер басып алғанын білген қожайын басбұзарлардың ортасына еркін кіріп, шақырылмаған қонақтарды сабырға шақыруға тырысқан, деп хабарлайды Экспресс К. Қаңтардағы бүлік кезінде өз меншігін қорғамақ болған жігіт пен тонаушының арасындағы егес қантөгіспен аяқталуы да мүмкін еді. Жігіттер, бұл менің мейрамханам. Мен осы жердің қожайынымын. Ал сендер үйлеріңе келгендей тайраңдап жүрсіңдер, — дейді видеоның авторы. Мейрамхана иесі келгеннен айылын тартпаған мародерлердің бірі оған тіпті өз талабын қояды. Мен сенің қымбат ішімдігіңнен тағы біреуін алайын. Онсыз да біразын көтеріп кеткенбіз. Тағы алғымыз келеді. Бірақ сен мені ұры деме, — дейді видеоға түсіп қалған басбұзар. Ресторатордың түнгі қонақтардың ұсынысымен келіспеске амалы қалмаған болуы керек, ол меймандарын барға шақырып, сұрағандарын беріп шығарып салады. Бұған дейін де Экспресс К қаңтардағы бүлік кезінде тонаушылардың Алматыдағы бассыздықтары туралы жазған болатын. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5103