фото ТОӨКҚ
Сауран ауданындағы С.Қожанов ауылында демеушілердің есебінен Сапарбаевтар отбасына жаңа баспананың кілті табысталды. Игі бастамаға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, отбасы мүшелерін қоныс тойымен құттықтады. Аудан басшысы баспананың бой көтеруіне қолдау көрсеткен демеушілерге және құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Ауыл тұрғындарының өзара көмегі мен жанашырлығының арқасында жүзеге асқан бастаманың кейінгі буынға үлгі екенін атап өтті.
Сауран ауданында биыл тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында мемлекет тарапынан 53 пәтер берілген болатын. Сонымен қатар, биыл асарлату әдісімен және демеушілердің есебінен 4 отбасыға баспана кілті табысталды.
