фото ТОПД
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында Mercedes-Benz автокөлігі жүргізушісінің жолда дрифт жасап, қауіпті маневрлер орындағанын анықтады.
Тәртіп сақшылары 23 жастағы жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қолданды. Автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды.
Полиция жол қозғалысының барлық қатысушысын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жол үстінде дрифт жасау және қауіпті маневрлер орындау жүргізушінің өзіне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
