Әлеумет ЖОО түлектерінің 70 пайызын жұмысқа орналастыруға міндеттелмек Редактор 02.03.2022 12855 1 оқу мин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің кеңейтілген алқа мәжілісінде жоғары оқу орындарын түлектерді жұмыспен қамтуға міндеттеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жоғары оқу орындарының жанынан түлектерді жұмысқа орналастырумен айналысатын мансап орталықтарын ашуды тапсырамын. Біздің мақсатымыз – кем дегенде түлектердің 70 пайызын жұмысқа тұрғызу», — деді вице-Премьер. Сондай-ақ ол «Бақытты отбасы» жобасын бүкіл өңірлерге таратуды тапсырды. «Бақытты отбасы» жобасын көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған аналарды қолдау және жетектеу орталығы ретінде дамытуды тапсырамын. Мұндай жобалар қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Қарағанды облыстарында іске асырылып жатыр. Соның басын біріктіріп, мұқият қарастыру керек. Орташа есеп жасап көрдік. Бұл бізге жыл сайын бкіүл өңірлерде 20 мың көпбалалы ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді», — деді Ералы Тоғжанов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8444 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5917