Әлеумет ЖОО түлектерінің 70 пайызын жұмысқа орналастыруға міндеттелмек Редактор 02.03.2022 15293 1 оқу мин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің кеңейтілген алқа мәжілісінде жоғары оқу орындарын түлектерді жұмыспен қамтуға міндеттеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жоғары оқу орындарының жанынан түлектерді жұмысқа орналастырумен айналысатын мансап орталықтарын ашуды тапсырамын. Біздің мақсатымыз – кем дегенде түлектердің 70 пайызын жұмысқа тұрғызу», — деді вице-Премьер. Сондай-ақ ол «Бақытты отбасы» жобасын бүкіл өңірлерге таратуды тапсырды. «Бақытты отбасы» жобасын көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған аналарды қолдау және жетектеу орталығы ретінде дамытуды тапсырамын. Мұндай жобалар қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Қарағанды облыстарында іске асырылып жатыр. Соның басын біріктіріп, мұқият қарастыру керек. Орташа есеп жасап көрдік. Бұл бізге жыл сайын бкіүл өңірлерде 20 мың көпбалалы ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді», — деді Ералы Тоғжанов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911